"Қайрат" Чемпиондар лигасындағы "Пафосқа" қарсы матчқа 10 мың билет сата алмаған

Фото: “Қайрат” ФК
“Қайрат” Чемпиондар лигасындағы “Пафос” командасына қарсы матчқа 10 мың билет сата алмаған. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
Goal.kz мәліметі бойынша стадионды толтыру мақсатында ірі қазақстандық компанияларға билеттер тегін таратылған.
"Қайрат" – "Пафос" матчының билеттері сатылмай жатқандықтан, клуб басқа шешім қабылдады. Стадионды аз да болса толтыру үшін басшылық билеттерді ірі компанияларға тегін таратуды шешкен. Кейбір секторлар сатылымнан алынып тасталды, ал қалған секторларда орындардың 80-90 пайызы ашық сатылымнан шығарылды", – делінген ақпаратта.

"Қайраттың" жұлдызды футболшысы командамен қош айтыспақ
Айта кетейік, қос команда да алғаш рет УЕФА Чемпиондар лигасының топтық кезеңінде ойнап жатыр.
Осыған дейін Алматыға "Қайраттың" чемпиондар лигасындағы кезекті қарсыласы "Пафос" футболшылары келгенін жазғанбыз.
Талқылау
“Сыйлықтар сыйлап, кемінде бір пәтер алғызатын адам”: Неліктен қазақстандық бойжеткендер тоқал болуға келіседі
Психолог: "Оны көбіне "махаббат" деп түсіндіріп ақталып жатады”
Заманбек Нұрқаділовтің қаза болғанына 20 жыл: Саясаткердің өзі мен өлімі туралы не белгілі
Нұрқаділовтің билікке сын айтуы жұрт үшін тосын жаңалық емес еді