Жақын арада әлемде тағы бір пандемия болуы мүмкін
АҚШ-тың Bloomberg ақпарат агенттігі алдағы онжылдықта әлемге Covid-19 пандемиясы сияқты індеттің жаңа түрі қауіп төндіруі мүмкін екенін мәлімдеді деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.
"Келесі онжылдықта Covid-19 сияқты өлімге әкелетін пандемияның басталу ықтималдығы 27,5% құрайды, өйткені вирустардың саны күннен-күнге артып келеді", — делінген болжамда.
Қазір денсаулық сақтау саласындағы сарапшылар жаңа әлеуетті жаһандық қауіпке дайындалуда. Сонымен, соңғы екі онжылдықта пневмония, Таяу шығыс респираторлық синдромы мен Covid-19 тудыратын коронавирустың үш негізгі түрі пайда болды.
H5N1 құс тұмауының тез таралуы да алаңдаушылық тудырады. Әзірге ол тек бірнеше адамда анықталғанымен, құстар арасында аурудың тез өсуі және сүтқоректілерді жұқтырудың жиі кездесетін жағдайлары ғалымдарды алаңдатады — вирус мутацияға ұшырауы мүмкін.
Сонымен қатар болжамда жаңа пандемияға дайындықты қамтамасыз ету үшін шаралар қабылдау қажеттілігі айтылған.