Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Зейнеткер 104 жасқа толған туған күнінде «тезірек өлуді» тілеген

Австралиялық Дэвид Гудолл 104-жасқа толған туған күнінде өлуге тілек білдірді. Ғалым туған күнін қызының үйінде отбасымен және достарымен бірге атап өтті. Дегенмен, оның өз туған күнінде тілеген тілегі мерекелік деп айта алмайсың.

«Мен тезірек өлсем екен деген тілек тіледім», – деп мойындады ол.

Гудолл сондай-ақ, 20-30 жастағы жігіт болғысы келетінін айтты. Бұл туралы Daily Mail хабарлады, деп жазады Stan.kz ақпараттық агенттігі.

Ол денсаулығы нашарлағаннан кейін осындай тілек тілегенін түсіндірді. Зейнеткер көру қабілетінің төмендігінен электрондық поштадағы хаттарды да оқи алмайды. Сондықтан ғылыми жұмысқа қатысу мүмкіндігінен айырылды. Сонымен қатар, зейнеткердің жүрек талмасы болғандықтан да жұмысқа бара алмаған. Ол инсульт алған кезде жартылай сал болып қалған. Оны өз үйінде ессіз құлап жатқан жерінен үй күтушісі тауып алған.

104 жасқа келген ғалым жиырма жыл бойы «өз еркімен өлімге мойынсұнуды» заңдастыруды қолдайтын топтың мүшесі. Ол  «орта жастан асқан азаматтар барлық құқықтарға, соның ішінде өлу құқығына ие болуы керек» деп санайды.

Оқи отырыңыз:

Балабақша тәрбиешілері ұйықтап жатқан балаларды көтеріп алып, еденге лақтырған

Өлім аузында жатқан қыз отаға ақша жинау үшін ғарышқа кетті

Саңырау әрі мылқау баласын 10 жыл бойы шынжырлап қойған ана: Менің басқа амалым болмады

13,9 миллион доллар ұрлаған кәсіпкер бүкіл ақшасына 96 үй мен сәнді көліктер сатып алған

Талқылау