Саңырау әрі мылқау баласын 10 жыл бойы шынжырлап қойған ана: Менің басқа амалым болмады

Қытайдың Хэнань провинциясында 41 жастағы Ван Чжицян атты азамат он жылдан астам уақыт бойы тас қабырғаға байлаулы болған. Ван Чжицян саңырау әрі мылқау болып туылған. Бірақ баланың ақыл-ойы қалыпты болғандықтан, ата-анасы оны мүгедектігі бар балаларға арналған интернатқа жіберген.

«Баланың құлағы естіп, сөйлей алмаса да айтарлықтай ақылды болды»,- дейді жергілікті партия хатшысы Динг Янфэнг.

Өкінішке орай Ван интернатта көп қиындық көрді. Ол жарақат алғаннан кейін қатты шошынып қалған. Осы уақыттан бастап балада психикалық бұзылыстар дами бастады.  Ал оның отбасы нашар тұратындықтан оған тиісті ем қолдану мүмкін болмады.

«Ол осыдан кейін мектепке бара алмады. Үйде де жағдайы нашарлай берді. Ақырында балам жергілікті тұрғындарға шабуылдайтын болды», -дейді анасы Юэ Жун.

Ванның әкесі қайтыс болғаннан кейін, анасы ұлына дұрыс қарай алмаймын деп шешкен. Ол мүгедек баласын тастан жасалған казармада шынжырмен байланғаннан басқа ештеңе таппады.

«Ұлымды шынжырмен байлап, құлыптаудан  басқа таңдауым болған жоқ. Содан бері он жылдан астам уақыт өтті»,-дейді баланың анасы.

Ал шынжырланған баланың 50 жастағы әпкесі Ван Шуфен інісінің жағдайын көрген сайын жаны ауырып, күні-түні жылаумен болады.

«Өкінішті. Інім емес менің байлауда болғаным жақсы еді»,-деді әпкесі Ван Шуфен.

Партия хатшысының айтуынша, жергілікті билік баланың отбасына ай сайын жәрдемақы төлейді. Алайда бұл ақша жеткіліксіз. Ол осы оқиға қоғамның назарын аударатынына үміттенеді. Сондай-ақ олар 41 жастағы Ванды психиатриялық ауруханаға жіберу үшін қажетті соманы жинап бере алады деген сенімде.

Оқи отырыңыз:

13,9 миллион доллар ұрлаған кәсіпкер бүкіл ақшасына 96 үй мен сәнді көліктер сатып алған

60 жастағы салық қызметкері зейнетке 5 жыл ерте шығу үшін жынысын өзгерткен

Опера әншісі дәрігерлердің қателігінен 19 жасқа дейін өзін еркек санап келген

«Зимняя вишня» сауда орталығының жалға берушісі қамауға алу туралы үкімге шағымданды

Источник: Stan.kz

Если вы нашли ошибку в тексте, выделите ее мышью и нажмите Ctrl+Enter © stan.kz

Источник: Stan.kz

Загрузка...
Орташа айырбас бағамы
24.10.18
Сатып алу
Сату үшін
USD
327
329.5
EUR
370
374
RUB
5.05
5.12
Соңғы жаңалықтар