Қазақстандық Закир Найманбаев Power Slap рейтингісінде бесінші орынға көтеріліп, чемпиондық жекпе-жекке жақындады
Фото: UFC
Қазақстандық шапалақтасу (slap fighting) спортшысы Закир Найманбаев Power Slap ұйымының ауыр салмақтағы рейтингінде бесінші орынға көтеріліп, чемпиондық белбеу үшін күресуге бір қадам жақындады. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
АҚШ-тың Жаңа Орлеан қаласында өткен Power Slap 14 турнирінде Найманбаев америкалық Купер Хауслиді бір соққымен сұлатып, айқын жеңіске жетті. Бұл — оның Power Slap аясындағы үшінші жекпе-жегіндегі екінші жеңісі.
Осыған дейін, 30 қаңтарда ол дат спортшысы Троэль Нильсенді нокаутқа жіберіп, 10 мың доллар көлемінде бонусты иеленген болатын. Ал 28 маусым күні Закир америкалық Брайс Джонсонды алғашқы соққымен нокаутқа түсіргенімен, ережені бұзғаны үшін дисквалификацияға ұшырады.
Дегенмен, Найманбаевтың әсерлі өнері жанкүйерлер мен ұйымдастырушылардың назарын аударды. Power Slap ұйымының ресми аккаунты хабарлағандай, енді қазақстандық спортшы чемпиондық титул үшін жекпе-жекке өте жақын.
"Акушерьге, дәрігерге, медбикеге бересің": Қазақстандықтар мемлекеттік перзентханалардың ақша бермесең қарамайтынын айтып, қызу талқылады
Әйел: “Әр қараған адамға 2 мың теңгеден екі күнге 60 мың теңге бердім”
"Бізден 100 есе жоғары алады": Қазақстан мен шетелдік дәрігерлердің жалақысын салыстырып көрдік
Алматының ауруханасында жұмыс істейтін дәрігерлер 160-250 мың теңге алады

