Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

"Зертхана вакцина құрамында әйнек сынығы мен графеннің барын нақтылады": Әлеуметтік желіде тараған ақпарат елді дүрліктірді

Мессенджерлерде қазақстандықтар британиялық зертхананың сараптама нәтижесі жөнінде мәліметті таратуда. Ақпарат сәйкес зертхана ғалымдар COVID-19-ға қарсы вакцина құрамынан әйнек сынықтары, графен мен гибридтелген sp3-көміртегін тапқан. Алайда ақпарат еш жерде дәлелденбеген, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі Stopfake.kz басылымына сілтеме жасап. 

вакцина

Таралған хабарламада мәлімдеме жасаған зертхананың атауы нақты көрсетілмеген. Сәйкесінше вакцина құрамынан қауіпті заттардың анықталғаны жөніндегі ақпаратты растау мүмкін емес. 

Сонымен қатар кілт сөздер арқылы ғаламтордан іздеу де ешқандай нәтиже бермеген. Ал ірі БАҚ және ғылыми журнал беттерінде мұндай ашылу туралы ешқандай дерек жоқ. 

Ал хабарламамен бірге қолданылған графен мен гибридтелген sp3-көміртегі туралы иллюстрация 2016 жылы жарияланған ғылыми мақалада пайдаланылған, бірақ мұндай ешқандай вакцина туралы айтылмайды. Мақала "Графендер тобы нанобөлшектерінің зияны: пайда болуы мен механизміне шолу" деп аталады. Ал авторлары – Оңтүстіктік Медицина университетінің мамандары. 

Иллюстрацияда графен материалдарының биологиялық әсерлесуінің түрлі типтері бейнеленген. 

COVID-19-ға қарсы вакцина құрамынан әйнек сынығы, графен мен гибридтелген sp3-көміртегінің табылғаны жайлы ақпарат дәлелденбеген. Сонымен қатар аталмыш заттарды вакцина жасау кезінде пайдаланғаны жөнінде өндірушілер де, сенімді ақпарат көздері де хабарламаған. 

Әрі әйнек пен графен, гибридтелген sp3-көміртегі вакциналар құрамында көрсетілмеген.

Назархан Уән
Жұма, 11 Ақпан, 2022 10:16
Талқылау