"Зенит" қазақстандық футболшы Нұралы Әліпті жалдағанын мәлімдеді
Ресейлік "Зенит" Қазақстан құрамасының және алматылық "Қайраттың" футболшысы Нұралы Әліптің ауысқаны туралы, сондай-ақ келісім-шарттың талаптары туралы хабарлады, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі Vesti.kz сайтына сілтеме жасап.
"Зенит" пен "Қайрат" Нұралы Әліпті жалға алу туралы келісімге келді. Қазақстан құрамасының ойыншысы 2022 жылдың соңына дейін сатып алу құқығымен "көгілдір-ақ-көктердің" сапына жалға берілді", - делінген клубтың Instagram-дағы хабарламасында.
Нұралы Әліп 1999 жылы 22 желтоқсанда Ақтау қаласында дүниеге келген.
Жалпы, Әліп "Қайрат" сапында 99 кездесу өткізіп, бес гол соғып, 4 нәтижелі пас берді. Командамен бірге Қазақстан чемпионатында жеңіске жетіп, ел кубогының екі дүркін иегері атанды.
Қазақстан құрамасы сапында 12 кездесу өткізген.
2022 жылдың қаңтарында ол Зенитті көруге шақыру алды. Оқу-жаттығу жиынында ол "Мидтьюлланд" пен "Брондби" клубтарына қарсы Атлантика кубогындағы ойындарда екі гол соқты.
Талқылау

"Ізімнен қалмай, бөксемді ұстады": Елордалық қыз сауда орталығында келеңсіз жайтқа тап болғанын айтты
Басқа қыздар да басынан өткен ұқсас оқиғаларды баяндады

"Қуыршақ секілді тістеп ары-бері сүйреді": Алматы облысында 10 жасар баланы иттер талап, сан еті мен құлағын жұлып алған
Екатерина істі сотқа жеткізіп, медициналық анықтамаларды жинап, кейін прокуратураға шағымданбақ