Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Зарина Омарова: Арықтаған соң күйеуім қызғанатын болды

Әнші Зарина Омарова жас күнінен өнер әлемінде. Сахнамен он жылға қоштасқан әншінің танымалдығы күн санап арта бастады. Кәсіпкер жолдасы әншінің қайта өнерге келуін қолдап, өзі шығарған екен. Зарина Омарова осы және өзге де жаңалықтарын айтып берді. 

Сахнаға қайта оралу оңай емес: Зарина Омарова өнердегі қиындықтары туралы

Бұл туралы "Ревю" бағдарламасында айтылды. 

Зарина Омарова "Әнші балапан" арқылы көрерменге жол тартты. "Жангүлім" атты әні осыдан жиырма жыл бұрын хит әндердің қатарында еді. Әнші өнерге қайта оралғанымен желіде белсенді емес. Бейнебаян түсіріп, хит әндер шығара қоймады. Оның себебін өзі түсіндірді. 

"Мен тұрмысқа шыққан соң бар өмірімді бала-шағама, жолдасымның мансабының өсуіне жұмсадым. Оны қолдадым. Он жыл үйде отырдым. Бала босанған соң, өздеріңіз білесіздер, қатты толып кеттім. Сахнаға шығатын болған соң қайта өзімді қолға алдым.  Артық салмақтан арылдым. Кезек маған келгенде сахнаға қайта шықтым. Мені күйеуім қолдады. Арықтағалы бері маған хат жазушылар көбейді. Күйеуім қызғанатын болды. Бұрын жолдасымды көпшілікке көрсетпейтінмін. Себебі, жолдасым қаламайтын. Кейін мені ажырасып кетті немесе басы бос па деген көрермен үшін түсінікті болсын деп жолдасыммен бірге түскен суреттерді жариялап жүрмін. Карантин кезінде жоспарлы бейнебаяндар түспей қалды. Карантин көп нәрседен құр қалдырды. Кейін бейнебаянның өзектілігі құрыды. Хит ән табу, жақсы ән табу ең қиыны. Сондықтан жақсы ән табылмай жатыр", - деді Омарова. 



Әнші өнер адамына тұрмысқа шықпағанына қуанады. Себебі карантин уақытында бар ауыртпалық жолдасының мойнында болған екен. 

"Карантин кезінде менің 80 пайыз ақшам жұмсалды десем болады. Ақшасыз қалдым. Қайта жолдасым жұмыс істеді. Сондықтан екеуміздің әнші болмағанымыз жақсы болды", - деді әнші.

Бұған дейін әншінің інісі Азамат Омаровтың некесіз қызы бар екені айтылды. Мені төсекке тартты деген бойжеткен Марат Омаровтың некесіз немересі бар екенін көпшілік алдында айтып берген еді. 

"Сол бағдарламадан соң маған пікір жазатындар көбейді. Сіз дұрыс сөйлемедіңіз, қызды менсінбедіңіз деп жатады. Бірақ мен өзі туысымнан бас тартпаймын. Бәріміз қыз балаға көмектесетінімізді айттық", -деді Зарина ханым.

Ал жақында Марат Омарова некесіз туған немересіне үш бөлмелі үй алып берді

Талқылау