Заң күшейтілгеннен кейін мас күйінде көлік жүргізген адам Қарағандыда ұсталды
Қазақстанда 11 қаңтардан бастап көлік тізгінін мас күйінде басқарғаны үшін жазаны ауырлату туралы жаңа заң күшіне енген еді. Ең алғашқы жағдай Қарағандыда тіркелді, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.
Қарағандыда 11 қаңтар күні мас күйінде көлік жүргізген 37 жастағы ер азамат ұсталыпты. Кейіннен анықталғандай ол 2018 жылы сот тарапынан жүргізуші куәлігінен айырылған. Дегенмен бұл жағдай оған бөгеу болмаған секілді. Заң бұзған азамат уақытша тергеу изоляторына қамалыпты. Алдағы уақытқа ол 5 жылға дейін түрмеге қамалып, өмір бойына көлік жүргізу құқығынан айырылыуы мүмкін.
"Бұл - Қарағанды облысында жаңа заң күшіне енгеннен кейін тіркелген алғашқы жағдай. Алдағы уақытта ПД тарапынан мас күйінде көлік айдаған азаматтарға ауыр жаза тағайындалатын болады. Сол себепті тұрғындарға айтарым: көлікті мас күйлеріңізде тізгіндемей тұрып, осындай нәрсе үшін түрмеге қамалатыңыз жайлы ойланғандарыңыз дұрыс", - деді облыстық ПД-нің тергеу басқармасының басшысы Алмаз Саламатов.
Бұған қоса заң бойынша мал ұрлағаны, зорлық әрекеттеріне барған, үйге ұрлыққа түскені, браконьерлік және есірткі таратқаны үшін азаматтар ауыр жаза арқалайды.

"Ізімнен қалмай, бөксемді ұстады": Елордалық қыз сауда орталығында келеңсіз жайтқа тап болғанын айтты
