Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

"Ұйғырдың тойын жүргіздім": Алғаш рет асаба болған Ғаділбек Жаңай бастан өткен қызықтарымен бөлісті

Танымал әнші Ғаділбек Жаңай Таир Нұғманға берген сұхбатында алғаш рет той жүргізген кезін еске алды. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

“Мені алғаш Алматыға келгенде ақтаулық Арман деген музыкант жігіт күтіп алған. Сол жігіт маған: “Ғадөш, ресторандарға “тойға қатысты маған хабарласыңдар” деп нөміріңді қалдырып кет” деді. Кім біледі? Бірде музыкант, асаба керек болып қалады. Келесі күні маған телефон шалады. Администратор қыз “тойға шығасыз ба?” деп хабарласады. Мен өмірімде той жүргізбеген адаммын. Бірақ қалтамда көк тиын жоқ, келістім. Сөйтсе, той иелері келіскен асаба келмей қалыпты. Кешке болатын тойға түскен кейін барып алдым. Костюм тозып кеткен, көк түсті көйлегімнің өңі кетіп қалған. Таныс асабалардан сценарийді сұрап, дайындалып отырмын. Сөйтсем түрлері басқаша адамдар кіріп келе жатыр. Администратордан сұрасам ұйғырлардың тойы екен. Мен қазақша жүргіздім, олар орысша, ұйғырша сөйлесіп, тілек айтты.Той иесі жақсы кісі екен. “Жалғыздың жары Құдай” демекші, той күшті өтті. Өзім таңғалдым, өзімді шоумен сезіндім. Бірде ұйғырша ән сұрады. Қонақтар тілек айтады, “Тойнаме” әні ойнайды, мен шақырамын. Сөйтіп той өтті”, – дейді өнер иесі.

Әнші сол кезде тойдың иесі жомарттық танытып, өзінің еңбегін жоғары бағалағанын айтты.

“Сол кезде тойды жүргізгенім үшін 100 доллар берді, одан бөлек қызын құттықтағаным үшін екі мың теңге берді. Тойдан шығып: “Әлемдегі ең бай адам кім? Ғаділбек Жаңай” деймін ғой. Сол ақшаға заттар сатып әкеліп, Мира әпкем, сіңілісі Арай бар түнімен тойлаттық”, – дейді Ғаділбек Жаңай.

Талқылау