Ұлан Сарқұлов Сыбайлас жемқорлық агенттігі төрағасының орынбасары болып тағайындалды
Мемлекет басшысының өкімімен Ұлан Серікұлы Сарқұлов Қазақстан Республикасының Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі төрағасының орынбасары лауазымына тағайындалды, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.
Сонымен қатар Мемлекет басшысының өкімімен Мақсат Аманқұлұлы Қожабаев Қазақстан Республикасының Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі (Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметтің) төрағасының орынбасары лауазымынан босатылды.
Талқылау
Пікір