Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

WhatsApp-та таралған видео: ОҚО-да сүйіскен қыздардың әрекеті ашық талқылануда

Оңтүстік Қазақстан облысының Ордабасы ауданында мұғалімдер мен құқық қорғау органдарының өкілдерінің қатысуымен кеңейтілген ата-аналар жиналысы өтті.

Бұл туралы Otyrar.kz-ке сілтеп, Stan.kz ақпараттық агенттігі хабарлайды.

Іс-шара барысында, атап айтқанда, WhatsApp бағдарламасында таралған сүйіскен қыздардың бейнежазбасы ашық талқыланды.

«Қыздардың бірі алты жаста болса, екіншісі сегізде. Олардың әрекеті телефон камерасына түсіріліп, тікелей эфирге жарияланған. Ал онда бұл масқараға қатысты  қандай пікірлер жазылған. Бұл қыздар комментатордың нұсқауларына сүйеніп, тікелей камераның алдында шешінген», – деп хабарлады полиция қызметкері.

Жергілікті ақсақалдар барлық мәселелердің түп-тамыры отбасында екеніне сенім білдірді.

«Әрине, мұнда мектептің де кінәсі бар. Қазір мектептерде ер мұғалімдер аз, бірақ басты жауапкершілік отбасында. Әкенің тәрбиесін алмаған. Ата-аналар тек ақша табумен ғана айналысады», – дейді Нұриддин Асанханұлы.

«Менің немерелерім мектепке оқиды. Тезірек сабағын өткізіп, үйге кетуге асығып отыратын мұғалімдер бар. Ұстаздар мектеп оқушыларының тәрбиесіне де назар аударса, жақсы болар еді», – деп шағымданады Қалжан Бейісбек.

Ал аудандық білім беру бөлімінің бастығы Шұға Нұрабаева бүгінгі күнннің басты мәселесі – білікті мамандардың жоқтығы деп санайды.

«Мектептерде жеткілікті психологтар бар. Олардың әрқайсысында екі мамандар жұмыс істейді. Әлеуметтанушылар да жеткілікті, бірақ әр мектепте кем дегенде бір инспектордың болғаны дұрыс. Себебі, мұғалімнің аты мұғалім. Ал инспектор – құқық қорғау органдарының қызметкері болғандықтан, оның балалармен жасаған жұмысы да басқаша болады», – деді ресми өкіл.

Оқи отырыңыз:

 Талдықорған тұрғыны өзін бүйрегінен айырған әйелін кешірді

Атыраулық қыз “Мисс Қазақстан – 2018” атанды

Алматыда келушілері жаппай уланған мейрамхана әлі күнге дейін қызмет көрсетуде

 Ақмола облысында экс-әкім өзінен таяқ жеген баланы сотқа берді

Талқылау