Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Ақмола облысында экс-әкім өзінен таяқ жеген баланы сотқа берді

Ақмола облысындағы Қорғалжын селолық округінің экс-әкімі өзі ұрған 8-ші сынып оқушысын сотқа берді. Енді баланың ата-анасы əкімшілік жазаға тартылуы мүмкін. Бұл туралы  ҚазАқпарат хабарлады.

Еске сала кетейік,  мектеп оқушысын ұрып əлеуметтік желіні шулатқан Қорғалжын селолық округінің бұрынғы әкімі Жанат Омаровқа қатысты қозғалған әкімшілік іс жақында Қорғалжын аудандық сотына жолданған болатын.

Сотта анықталғандай, экс-əкім Жанат Омаровқа қатысты ҚР ӘҚбК 7/1 бабының 1 бөлімі бойынша (денсаулыққа қасақана жеңіл залал келтіру) əкімшілік іс қозғалған. Аталған санкция бойынша күдіктіге 15 АЕК көлемінде айыппұл немесе 15 тәулікке қамау жазасы тағайындалуы мүмкін. Осы іске байланысты сот отырысы 4 сəуірге жоспарланып отыр.

Экс-әкімнің тағдыры шешілетін күні баланың ата-анасына да сот шешімі шығады.

Әкімнен соққы жеместен бұрын, Диас Мұқан оның баласын ұрған. Сол үшін әкім Диас Мұқанның үстінен арыз жазған. Бала кәмелет жасқа толмағандықтан оның жауапкершілігін ата-анасы алады.

“Оның ата-анасына қатысты ҚР ӘҚбК 7/1 бабының 1 бөлімі бойынша əкімшілік іс түсті. Бұл іс те ағымдағы жылдың 4 сəуірінде сотта қаралады. Сол кезде сот тарапынан нақты шешім шығарылады”, деп түсіндірді соттың баспасөз қызметі.

Тағы оқыңыз:

Қазақстандықтар жылдың соңына дейін мобильді телефондарын тіркеп үлгеру керек

Шетел азаматына тұрмысқа шыққан қазақстандықтың балаларын тартып алды

ОҚО-дағы денесіне ине кірген қыз: Қыз қазір қалай өмір сүріп жатыр

Қазақстандықтар әлеуметтік желілердің істен шығуына шағымданды

Алматыда оралмандар бейбіт шеру өткізуге рұқсат сұрады

 

Талқылау