Алматыда оралмандар бейбіт шеру өткізуге рұқсат сұрады

Қандастарымыз Алматыда бейбіт шеру өткізуге биліктен рұқсат сұрап жатыр. Айтуларынша, Қытайдағы қазақтарды қуғындау тоқталмапты. Тіпті шекараның ар жақ бетіндегілерден  ешқандай хабардың жоқтығына бірнеше ай болған. Қалалық әкімдіктің алдына жиналғандар, оларды қытай билігі қамауда ұстап отыр деп топшылайды.

Бұл туралы 31 арна хабарлады.

Қытай түрмесінде 8 ай жазықсыз отырып, әбден азапталдым деген Өмірбек Бегалы көрген қорлығын айта алмай булығып қалды. Көрші елдің құзырлы орындары еш кінә таппай босатып жіберген. Ал Өмірбек сияқты шекара асып қайтпай қалған қандастар көп дейді туыстары.

“Бір жағынан денсаулықтарына байланысты, екіншіден, туыстарына көріп қайту үшін кеткен. Сол кеткеннен ұсталды. Қазірге дейін үш ай болды. Енді Сыртқы істер министрлігі, бәрі араласып жатыр, бірақ қазірге дейін нақты шешім жоқ”, – дейді Алматы тұрғыны Анаргүл Сейдахмет.

Осымен үшінші мәрте бейбіт шеруге рұқсат сұраған бір топ азаматтар егер Алматы әкімдігі рұқсат берсе 8 сәуірде мыңға жуық адам жиналып өз наразылықтарын білдіреді дейді. Олар осы әрекеттері арқылы халықаралық ұйымдардың назарын өздеріне аудармақшы.

“Қытайдың дипломаттары бізге келіп жауап берсін. Бір адамды бір күн ұстап алу үшін де себеп керек қой”, – дейді жиналғандардың бірі Ербол Дәулетбек.

Ал қоғамдық ұйымдар мен ұлтшыл азаматтар шет мемлекеттердегі қазақтарға елге көшіп келуден басқа амал жоқ деген пікірде. Осы ұстанымдағы ұйымның бірі Болашақ жастар қозғалысы дүние жүзіндегі қазақтарға «Атамекенге ат басын бұрыңдар,Алаш» деп үндеу жариялады.

“Көбісі бірдеңе күтетін сияқты. Шақырған уақытта, осында келген уақытта бірдеңе береді деп. Ондай емес, біз осыны міндетті түрде жақсылап түсініп алайық. Ол мемлекетіміздің мүмкіндігі шамалы шығар, болмаса, мемлекетіміздің ниеті жоқ шығар, басшыларымыздың, оны да ашық айтайық”, – деп пікірін білдірді саясаттанушы Дос Көшім.

Қазақстанға көштің басын бұруға нақты тетіктер ұсынбаса да, қоғам өкілдері төрткүл дүниедегі қандастарға ұсыныс айтты. Ал бейбіт шеруге Алматы әкімдігі бұл жолы рұқсат береді ме, жоқ па ол жағы әзірге белгісіз.

Тағы оқыңыз:

Ақмола облысында әкім мен жеке кәсіпкер жанжалдасып, соңы қазамен аяқталды

ОҚО-да терроризмді насихаттаған имам сотталды

Денсаулық сақтау министрлігі Шымкентте балмұздақтан ұшынғандарға қатысты мәлімдеме жасады

Ақмола облысының тұрғыны пәтерін ойынхана айналдырған 

Источник: Stan.kz

Если вы нашли ошибку в тексте, выделите ее мышью и нажмите Ctrl+Enter © stan.kz

Источник: Stan.kz

Загрузка...
Орташа айырбас бағамы
20.10.18
Сатып алу
Сату үшін
USD
327
329.5
EUR
370
374
RUB
5.05
5.12
Соңғы жаңалықтар