ОҚО-дағы денесіне ине кірген қыз: Қыз қазір қалай өмір сүріп жатыр

Түркістандағы бір жарым жасында денесінен инелер табылған қыз қазір ата-анасымен тұрып жатыр. 6 жасар қыз жалпы білім беретін мектептің даярлық сыныбына барып жүр.

Түркістан қаласы әкімінің орынбасары Ғани Рысбеков  Sputnik Казахстан-ға берген сұхбатында оқиғаның мән жайын түсіндіріп берді.

Бұдан бұрын қоғам белсендісі Аружан Саин бір жарым жасар Айнаның бас-ми жарақатын алғанын айтқан еді. Жарты жыл өткеннен кейін дәрігерлер қыздың денесінен инелер тауып алған. 2013 жылы мамыр айында өңеші күйіп қалып, ауызы мен мұрынына зақым келген. 2014 жылы сәуір айында инені арқасына, кеудесіне тыққан. Бір ине омыртқасы мен жүрегінің ортасында 1 миллиметр ғана жетпей қалыпты.

Саин балаға мұндай қорлық көрсеткен Айнаның туыстары немесе ата-анасы деп болжаған.

Түркістан қаласы әкімінің орынбасары Ғани Рысбеков баланың ата-анасын неліктен ата-аналық құқығынан айырмағанын түсіндіріп берді.

“Арнайы комиссия жұмыс істеді. Қалалық білім бөлімінің қамқоршы органы қажетті сараптамалар жүргізді. Бірақ ешқандай дерек расталмады, сондықтан ата-аналық құқығынан айыру туралы шағым күшін жойды. Қыз даярлық сыныбында оқиды, сабаққа барып жүр. Отбасылық жағдайы орташа. Әкесі – жеке кәсіпкер, анасы үй шаруасында. Олар қосымша көмекке мұқтаж емес. Ішімдіке әуестіктері жоқ, тағы 2 бала тәрбиелеп отыр“, – деп жауап берді Рысбеков.

Әкім орынбасарының айтуынша, қыздың ата-анасы балаға Үндістанда ота жасату үшін “Қайырымдылық” қорынан көмек сұраған. Оның сөзінше, шетелдік мамандар баланың отадан кейін өмір сүріп кетуі екіталай екенін айтқан. Ата-анасы Қазақстанға оралып, қыздарын Алматы, Астана, Шымкент қалаларында және Өзбекстанда емдетіп келген.

Ғани Рысбеков баланың денесіне инелердің қайдан келгенін түсіндіре алмады.

“Ресми түрде барлығы құжатталған. Құқық қорғау органдары істі бір жыл бойы тергеді. Иненің қайдан келгенін анықтау мүмкін болмады. Аружан Саин айтса, айтқан шығар, дегенмен кез келген адам солай ойлар еді (Саин ата-анасын кінәлаған). Бірақ, полиция да, дәрігерлер де заңға қайшы ештеңе анықтаған жоқ. Аружан Саин бастаған іс жабылды”, – деді ол.

Аружан Саин жазбасында Бас прокуратурадан баланы ата-анасынан оқшаулап, оның ісін қараған, дәрігерлерге, полиция мен қорғаушы органдарға қатысты шара қолдануын сұраған еді.

“Біз адамдарды негізсіз кінәлай алмаймыз. Ата-аналары жаман адамға ұқсамайды. Өздері барып көрсін, мен оларды қорғағандай болмайын. Аружан Саин да бала үшін уайымдаған шығар. Егер отбасы мүшелерінің ауытқулары болса, онда олар басқа балаларына да зиян тигізер еді“, – деп пікірімен бөлісті әкімнің орынбасары.

Оның айтуынша, 6 жасар Айна қазір мектепке барып, ән айтады, өлеңдер оқиды екен.

Тағы оқыңыз:

Қазақстандықтар әлеуметтік желілердің істен шығуына шағымданды

Алматыда оралмандар бейбіт шеру өткізуге рұқсат сұрады

Ақмола облысында әкім мен жеке кәсіпкер жанжалдасып, соңы қазамен аяқталды

ОҚО-да терроризмді насихаттаған имам сотталды

Источник: Stan.kz

Если вы нашли ошибку в тексте, выделите ее мышью и нажмите Ctrl+Enter © stan.kz

Источник: Stan.kz

Орташа айырбас бағамы
22.04.18
Сатып алу
Сату үшін
USD
327
329.5
EUR
370
374
RUB
5.05
5.12
Міндетті түрде оқыңыз
Соңғы жаңалықтар