Арқасы мен кеудесіне ине кіргізіп тастаған: Аружан Саин ОҚО-дағы қыз баланың адамшошырлық оқиғасын айтты

Қыз баланың денесіне әдейілеп ине шаншып тастаған. Ал бұл туралы Бас прокуратураға хат жазылғанымен, одан жауап болмаған.

Бұл туралы “ДОМ” қайырымдылық қорының басшысы Аружан Саин желідегі парақшасында жазды.

“2016 жылдың қаңтар айының басында қорымызға Айна есімді қыздың әкесі хабарласты. Ол күйік шалған қызын шетелде емдетуге көмек сұрады. Біз барлық құжаттарын түрлі емханаларға, сонымен қатар “Фортис”, “МедҮндістан” халықаралық емханаларына өткіздік”, – деп жазады Аружан Саин.

Айтуынша, қыз баланың тексеру қорытындысын оқыған дәрігерлер жаға ұстаған.

“Құжаттарға қарап олар қыз баланың денсаулығына әдейілеп зиян келтіргенін айтты. Бүлдіршін мұндай жағдайда өліп кетуі мүмкін”, – дейді ол.

Қор басшысы қыз баланың жылдар бойы қандай жарақат алып келгенін тізіп берді.

“2012 жылы бас-ми жарақатын алған. Баланың өзі құлап қалды дегенге сену қиын”;

2013 жылдың қаңтар айында баланың басындағы қатпаған жұмсақ тініне ине кіргізген.

2013 жылы мамыр айында өңеші күйіп қалған. Балалар әдетте қышқыл нәрсе ішкенде, аузы күйгенін бірден сездіреді. Ал Айнаның өңеші, асқазанына дейін күйіп кеткен. Аузы мен мұрны күйген. Бұлайша тек қинап күйдіргенде болатын еді. Сонықтан бала өздігінен тамақтана алмай, зонд арқылы тамақ ішеді. 5 жасында тек 8 келіден ғана асты.

2014 жылы сәуір айында инені арқасына, кеудесіне тыққан. Бір ине омыртқасы мен жүрегінің ортасында 1 миллиметр ғана жетпей қалыпты. Кейбір инені ала алмады.

Қыз балаға гепатомегалия, өңделмеген іріңді эзофагит, ұзақ уақыт емделмеген екі жақты пневмония, ауыр дегидратация деген диагноздар қойылған.

Хат авторлары баланы отбасынан алыс әкетуге көмек сұрап, Денсаулық сақтау министрлігі, қамқорлық ұйымдары мен полициядан хабарласқанымен одан қайран болмапты.

Бірінші хат Бас прокуратураға 2016 жылы қаңтар айында жіберілген.

2016 жылы сәуір айында хатты Зағипа Балиеваға бергенбіз.

2017 жылы Бас прокуратураның жаңа басшығы Жақып Асановқа орынбасарынан тағы хат жазып жібердік.

“Бірақ бұл мәселе бойынша әлі күнге дейін еш жауап жоқ”, – дейді Аружан Саин.

Айтуынша, хат бас прокуратураға емес, кәмілетке толмағандарды бақылау бөліміне жіберілгенге ұқсайды.

“Қыздың әкесі біздің прокуратураға хабарласқаныызға қатты ашуланып, хатымызды қайтып алуымызды талап етті. Кейін онымен сөйлестім. Біз оның қызына қастандықты кімнің жасағанын біліп отырғанын түсінгенімізді айттық. Және әкесі ретінде оны қорғау керек екнін де түсіндірдік. Өз баласын қорғауға міндетті еді. Сау болып туған қызы өзгелер секілді жүріп-тұра алатын еді. Сабақ оқып, оқуға түсіп, тұрмысқа шығып, оған немере сыйлай алатын еді. Әкесі соншалық бейжай болғаны ма?

Әкесі қызын емдеу үшін бәрін жасап жатқанын айтады. Мұны кімнің жасап отырғанын да білетінін айтты.

Бұл отбасында анасы ешнәрсе шешпейтін секілді. Қыз баланың қазір тірі не өлі екенін білмейміз. Әкесінің телефоны өшіп тұр.

Біз қор командасы ретінде өз кінәмізді сеземіз. Бұл жағдайды желіде тұрақты түрде жазып, аяғына дейін жеткізу керек едік. Бірақ әрбір жағдайды қолға алып, заңды түрде сонымен айналысып отыратындай жұмысшыларымыз көп емес. Қазақстанның әр түкпірінен жүздеген адам хабарласып көмек сұрайды. Оның бәріне үлгере бермейміз», – деп жазады қор басшысы.

Тағы оқыңыз:

9 жасар қызды құмарын қандыру үшін пайдаланған: Алматы облысындағы жантүршігерлік оқиға

21 жастағы егіз қазақ жігіттер ұшақ басқарып жүр

Источник: Stan.kz

Если вы нашли ошибку в тексте, выделите ее мышью и нажмите Ctrl+Enter © stan.kz

Источник: Stan.kz

Загрузка...
Орташа айырбас бағамы
13.12.18
Сатып алу
Сату үшін
USD
327
329.5
EUR
370
374
RUB
5.05
5.12
Соңғы жаңалықтар