Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Атыраулық қыз “Мисс Қазақстан – 2018” атанды

“Мисс Қазақстан – 2018” байқауының финалы Астана қаласында өтті.

Айта кетейік, байқаудың ресми сайтында 5 финалист аруға дауыс беру арқылы жеңімпазды бүкіл Қазақстан халқы таңдады.

Байқаудың финалына «Мисс Алматы» Сабина Әзімбаева, “Мисс Қарағанды”  Екатерина Дворецкая, «Мисс Семей» Динара Баймуратова, “Мисс Астана” Маймуна Кулькешева және “Мисс Атырау” Альфия Ерсайын өтті.

1 вице-мисс Қазақстан атағын Екатерина Дворецкая жеңіп алды. Ол “Мисс Вселенная” байқауында Қазақстанның намысын қорғайды.

16-жастығы Альфия Ерсайын “Мисс Қазақстан – 2018” атанды.

Альфия Дүтбаев атындағы Атырау гуманитарлық колледжінде “Бейнелеу өнері және дизайн пәнінің мұғалімі” мамандығында оқиды.

 

Талқылау