Воронеж қаласында автобус жарылып, салдарынан әйел адам қаза тапты (видео)
12 тамыз күні кешкісін Воронеждегі аялдамада автобус жарылысы орын алды. Ішінде 30-ға тарта адам болған, олардың 18-і жарақат алып, бір әйел жансақтау бөлімінде қаза тапқан, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі Газета.ру сайтына сілтеме жасап.
Оқиға 21:24 -те "Галерея Чижова" сауда орталығының жанындағы аялдамада болған. Жүргізушінің айтуынша, қайғылы оқиға кезінде автобуста 30-ға жуық адам болған. Ол барлық орындардың бос болмағанын да атап өтті.
Зардап шеккендердің бірі РИА Воронеж басылымына жарылыс аялдамадағы адамдар автобусқа отырғанда болғанын растаған.
"Соңғы рет үлкен өрт болғаны есімде. Үлкен жалын. Одан кейін өзімнің автобус ішінен қалай шыққанымды білмеймін. Куәгерлер менің жарақатымды емдеуге көмектесті. Барлығынан көбірек артқы орында отырған жолаушыларға көп зардап келді. Бұны қалай сөзбен айтып жеткізерімді білмеймін. Көбісі машинаның ішінде есінен танып қалып жатты, оларды сыртқа адамдар алып шықты", – деп есіне алады оқиға кезінде автобус ішінде болған қыз.
Жарылыстың алдын ала себебі – газ жабдығының болуынан деп айтылуда. Алайда жолаушы тасымалдау компаниясының өкілі РИА Новостиге компанияның барлық көліктері дизельдік отынмен жүретінін айтқан.
Орын алған оқиғадан кейін облыс билігі Воронеждегі барлық тасымалдаушылардың парктерін тексеруді тапсырды.
Воронеж облысының прокуратурасы тексеруді бастады.
Тергеу комитеті қауіпсіздік талаптарына сәйкес келмейтін жұмысты орындау немесе қызмет көрсету бабы бойынша қылмыстық іс қозғады.

"Ізімнен қалмай, бөксемді ұстады": Елордалық қыз сауда орталығында келеңсіз жайтқа тап болғанын айтты
