Жақында оданда жақсы жумыс алады бізде футбол командасы сыяқты
"Вирус жоқ, сенбеңіздер" деген Диас Ахметшәріп жұмысынан кетті
Денсаулық сақтау министрлігінің ресми өкілі Диас Ахметшәріп жұмысынан кетті. Бұл туралы ол Facebook парақшасында жазды, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.
"Бүгін менің денсаулық сақтау министрлігіндегі соңғы жұмыс күнім. Басшылық арыз жаз деді. Жаздық. Ер адамның басынан не келіп не өтпейді. Хош. Ең алдымен барлық журналист әріптестеріме алғысымды білдіремін. Талай еңбек атқардыңыздар!
Артық кеткен кездерім болса - кешірім сұраймын! Барлық еңбегім - тек халқым үшін. Ауырмаңыздар! Коронавирусты жеңіп шығайық.
Денсаулық Сақтау министрлігіндегі әріптестеріме, барлық дәрігерлерге, медперсоналға тек қана шыдамдылық пен жеңіс тілеймін! Еліміз тыныш, халқымыз аман болсын!", - деп жазды Facebook-тегі жазбасында.
Естеріңізге сала кетейік, "Ашық алаң" бағдарламасына келген Диас Ахметшәріп вирусқа сенбеген жұртқа ашық ескерту жасаған еді. Өз сөзінде:
"Вирусқа сенбейміз дейді. Ауруға сенбесеңіздер, ертең ауырғанда көздеріңіз жетеді. Ол кезде сізді ешкім емдемейді. Орын да табылмайды. Қазір науқас саны көп. Мен ресми өкіл ретінде айтамын. Вирус жоқ, сенбеңіздер. Бұл ойдан шығарылған нәрсе. Ақыры сенбейді екенсіздер, ертең ауырып көз жұмасыздар, сосын сіздерді апарып жерлеп тастаймыз", - деп айтқан еді.

"Құс үркітіп сағатына 8 200 теңге таптым": Англияда жүріп 1 миллионнан аса айлық алатын қазақстандық жұмысы туралы айтып берді
