Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

"Вагнер" жеке әскери компаниясы Украина, Сирия және Африка елдерінде енді соғыспайды": Ресей билігі жаңа бәсекелес іздеуде

Ресейдің "Вагнер" жеке әскери компаниясы енді Украинада, сондай-ақ Сирия мен Африка елдерінде соғыспайды. Жалдамалы әскерлерді Ресей қорғаныс министрлігі мен Ұлттық гвардия құрылымдары алмастыруда. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі Важные истории басылымына сілтеме жасап хабарлайды.

Белгісіз Вагнер командирлерінің бірінің аудиохабарламасы ақпараттық желілерде таралып жатыр. Онда ол Пригожиннің жалдамалыларына Украинада соғысуға рұқсат етілмейтінін, ал Африка мен Таяу Шығыс елдерінде олардың келісімшарттары бұзылғанын айтып шағымданады.

Аудиохабарламада Евгений Пригожин қайтыс болғаннан кейін жалдамалы жауынгерлер "Қорғаныс министрлігі және Ресей гвардиясымен қатаң бәсекелестікке тап болғаны" айтылған.

"Егер біздің команда арнайы әскери операцияға қабылданса, онда біз белсенді жасақтау жұмыстарын қайта бастаймыз", - деді ол.

Басылым Ресей билігі Африка елдеріндегі Вагнер жеке әскери компаниясын Кремль бақылайтын және қаржыландыратын ұқсас құрылымдармен, Қырым оккупациялаушы билігінің басшысы Сергей Аксеновтың “Конвой” жеке әскери компаниясы деп аталатын құрылыммен ауыстыруды жоспарлап жатқанын жазады.

Журналистердің айтуынша, бұл формация өздерін қаржыландыру үшін ресейлік ВТБ банкінен қомақты қаражат алған.

Талқылау