Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

"Үйсіздер үйір болған жер": Алматы тұрғындары жаппай төбелес ұйымдастырған

Алматы қаласында жаппай төбелескендер бейнежазбаға түсіп қалған. Қалалық полиция бөлімі бұл дерек бойынша қылмыстық іс қозғалғанын мәлімдеді, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

Әлеуметтік желілерде автордың айтуы бойынша Ақсай-1 ықшамауданында түсірілген видео пайда болды. Бейнежазбадан бірнеше ер адамның өзара төбелесіп жатқандығы байқалады. Кадрлар қараңғыда түсірілген. Сондай-ақ кішкентай баланың жалғасып жатқан жанжалды бақылап отырғанын аңғаруға болады.

"Нико" тұрғын үй кешенінде арнайы хостелдер орналасқан, ол жерге үйсіз адамдар үйір болып алған. Үнемі мас, ес-түстерін білмейтін күйде жүреді. Күн сайын төбелескен, ұрысқан дауыстарды естиміз, балаларымызды көшеге шығаруға қорқамыз. Біз полиция шақырамыз, бірақ ешқандай шара қолданылмайды, оларды 15 минутқа алып кетіп, сосын қайтадан босатып жібереді. Осы мәселені шешуге көмектесулеріңізді сұрайыз", – деп жазылған жазбада.

Полиция департаменті бұл жағдай бойынша түсініктеме берді.

"14 шілдеде азамат Жақсылықова Г.Ж. Алматы қаласы Әуезов ауданының УЕ-не арызбен жүгінді, онда түнгі уақытта тұрғындардың тыныштығын бұзып келе жатқан Ақсай-1А мөлтек ауданы, 17 үй мекенжайы бойынша жертөледе орналасқан "My club" жатақханасының қонақтарына шара қолдануды сұрайды. Жертөледе орналасқан нысан антисанитарлық жағдайда, тазалықтың жоқтығынан тарақандар мен басқа да жәндіктер пайда болған. Өз араларында төбелес ұйымдастырады.

Сондай-ақ азамат Жақсылықова Г.Ж. әлеуметтік желілерде топтық төбелесті көрсететін видео жариялаған. Бұл факт бойынша Қылмыстық кодекстің 293-бабы "Бұзақылық" бойынша қылмыстық іс қозғалды”, – деді Алматы қаласы ДП Әуезов аудандық бөлімінің бастығы Ұлан Әбілқайыр.   

Талқылау