Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Үй тапсырмасын ақшаға орындайды: Қазақстандық студенттер жасанды интеллект көмегімен пайда тауып жүр

Қазақстандық студенттер табыс табудың жаңа әдісін тапты. Жастар жасанды интеллект көмегімен сыныптастарының үй тапсырмасын орындап, сол үшін ақы алып жүр. Бұл жөнінде Stan.kz ақпарат агенттігі КТК арнасына сілтеме жасап хабарлайды.

Сюжеттен скриншот

Қазақстандық студенттер chatgpt нейрондық желісінің арқасында сабақ орындап, ақша да табуда.

Нейрондық желі – бұл нақты тапсырмаларды орындайтын алгоритм. Мысалы, мәтін жазу, суреттер салу, т.б.

Әділ Таласбек нейрондық желіден сұрау салып, үй тапсырмасын орындайды.

“Тапсырыс өте көп. Бірақ мұны пайда табу үшін емес, жай сұрағандықтан, көмектесу үшін жасаймын. Негізінен қиын еме. Бір айда, бәлкім, он бес мыңдай пайда келеді. Әзірге мұғалімдер тарапынан аса наразылық байқалмайды, меніңше, олар, тіпті, бұл туралы білмейді”, – деді студент Әділ Таласбек.

Нейрондық желі туралы мұғалімдер де біледі. Тіпті Сhatgpt арқылы жасалған жұмыстарды көріп жүр. Олардың айтуынша, бұл оқуға нашар әсер етеді. Сондықтан әріптестерден жұмысты мұқият тексеруге шақырды.

“Кодта бірнеше әрекет болды. Әзірге алгоритм шаблонмен жұмыс істейді және оны байқауға болады. Кодты тексеру мұндай оқиғаларды анықтайды. Бастапқы кезеңдерде бұл әр топта болды. Иә, өйткені студенттер үй тапсырмасын орындаудың ең оңай жолдарын іздейді, сондықтан бұл алаңдайтын проблема, – деді оқытушы Фахриддин Омаров.

Чат-боттар тірі адамдар сияқты сөйлесе алады. ChatGPT ақпаратты тез тауып, күрделі сұрақтарға жауап беру, әннің кодын табу, эссе, сценарий, мәтін және ноталар жазу, тіпті жоспарлар мен есептеулер жасауды қолға алады. Нейрондық желі сол әңгімедегі алдыңғы сұрақтар мен жауаптарды есте сақтау арқылы пайдаланушының күйін бақылайды.

Бірақ, сарапшылардың пікірінше, жасанды интеллект жасырын қауіп төндіреді. Мысалы, Бельгияда ер адам Элиза атты  чатботымен сөйлескеннен кейін өз-өзіне қол салды. Бұл ғана емес, нейрондық желілер тіпті ядролық соғысты бастауға қабілетті. Әрі адамдармен де жанжалдаса алады.

Әлемдік қауымдастық мұндай тенденцияларға алаңдаулы. Илон Маск және басқа да IT-кәсіпкерлер  жасанды интеллект технологияларын дамытуды тоқтатуды ұсынды. Жаңа технологиялар мәселелері мемлекет басшыларын да алаңдатып отыр. Америка Құрама Штаттарының билігі нейрондық желілер қылмыс және жалған ақпарат тарату үшін пайдаланылуы мүмкін деп қорқады. 

Еліміздің президенті жаңа технологиялар туралы өз пікірін білдірді.

“Нейрожелілер мен жасанды интеллекттің пайда болуы революциялық процестерге әкелді. Жаңа өмір салтының контурлары қазірдің өзінде көрінді. Оның пайдалы және қауіпті аспектілері бар, олар үлкен қауіп төндіруі мүмкін”, – деді ел президенті Қасым-Жомарт Тоқаев.

Әзірге әлемдік қауымдастық мұны қалай шешу керегін ойлануда. Сол уақытта жасанды интеллектің қолдану аясы кеңейіп жатыр. ChatGPT екі айдың ішінде 100 миллион адамды жинап, жылдам дамып келе жатқан қызметке айналды.

Талқылау