18 жастағы Қазақстандық теннисші мансабындағы алғашқы титулына қол жеткізді
Фото: ҚТФ
Небәрі 18 жастағы теннисші Әмір Омарханов мансабындағы айтулы титулын қанжығасына байлады. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
Әмір Омарханов Тунистің Монастир қаласында өткен ITF M15 турнирінде ақтық сынға жолдама алды.
Шешуші бәсекеде отандасымыз Германиялық әлемдік рейтингте өзімен қатар тұрған 824-орындағы Макс Шонхауспен чемпиондық атақты сарапқа салды. Тартысқа толы ойында Әмір қарсыласын 6:3, 3:6, 6:4 есебімен ұтты.
Айта кетейік, Шонхаус – ITF Juniors бойынша әлемнің екінші ракеткасы және өткен аптада Тунистегі ITF M25 санатындағы турнирдің чемпионы атанған.
Осылайша Әмір Омарханов жарыстың жеңімпазы атанып, жекелей додадағы алғашқы титулын еншілеп отыр.
“2 миллиард теңгеге жуық“: Қазақстан өңірлері 2026 жылды қарсы алуға қанша қаражат жұмсайды?
Алайда биыл елордалықтар жергілікті бюджет қаржысын үнемдеген көрінеді
"Өліп қала жаздаған кездерім болды": Қарызға батып жезөкше болған қазақстандық табысы туралы айтты
Ләйлә: "Жетім қыздар, күйеуге шығайын деп жүргендер, бұрынғы күйеуінің несиесін төлеп жүргендер бар"

