Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

"Үшінші күштер" белсенділік танытуда: СІМ Қазақстанның Қытаймен байланысын үзу керек дегенге пікір білдірді

Сыртқы істер министрлігі Қазақстан мен Қытай арасындағы байланысты сынайтындарға жауап берді. Ведомство басшысының бірінші орынбасары Шахрат Нұрышевтің сөзінше, екі ел қа­тынас­тарының қарқынды дамуына қызғанышпен қарайтын "үшінші күштер" қазіргі уақытта белсенділік танытуда. Вице-министрдің мақаласы "Егемен Қазақстан" баслымының сайтында жарияланды. 

ту

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан жерінің шетелдіктерге сатылмайтыны және жалға берілмейді деген мәлімдемесін тілге тиек еткен вице-министр халықты дүрліктіріп, көшеге шығарып, шерулер ұйымдастыруды көздейтін топтар бар екенін айтады. Сөзінше, олар жер мәселесі бойынша билік тарапынан табанды қадамдар жасалғанын көріп, енді соңғы митингтерде Қытаймен қарым-қатынасты мүлдем шектеу талаптарын көтере бастаған.

"Кейінгі кезде қоғамымызда Қазақстан мен Қытай арасындағы қатынастар­дың қажеттілігіне, екіжақты ынтымақтастықтың тиімділігіне күмән біл­діріп жүргендердің дауыстары қаттырақ естіліп жүр. Олардың бір бөлігі "саяси егемендігіміздің жоғалу қаупін" айтса, басқасы еліміздің "Қытайға экономикалық тәуелділігі" туралы сөз қозғайды. Көп жағдайда қауесет әңгімелер ақпараттың жеткіліксіз болуынан немесе берілген ақпараттың бұрмалануынан туындайды", - дейді Нұрышев.

Сонымен қатар, министрдің бірінші орынбасары Қытай мен Қазақстан арасындағы экономикалық ықпалдастықты негізгі ала отырып, жан-жақты стратегиялық әріптестікті не үшін дамыту керектігін ашып айтты. 

Оның мәліметінше, Қытайдың жылдық азық-түлік нарығы 1,5 триллион АҚШ долларын құрайды. Сондықтан ауыл шаруашылы үшін көрші мемлекетке өз өнімін экс­портқа шығару басым бағыттардың бірі болуы керек.

"Өкінішке қарай, қазір Қытай көптеген азық-түлік түрін басқа мемлекеттерден, тіпті басқа құрлықтардан тасымалдауға мәжбүр. Солардың ішінде Оңтүстік Америкада орналасқан және Аустралия мен Жаңа Зеландия сияқты мем­лекеттер ет, сүт, жеміс пен соя сияқ­ты өнімдерді экспорттау көлемдерін жыл­дан-жылға ұлғайтуда.

Қытай қазіргі кезде дүние жүзіндегі ең ірі экономикалардың бірі екені белгілі. Ресми мәліметтерге сүйенсек, 2020 жылы әлемге тараған коронавирус індетінің теріс әсеріне қарамастан, ҚХР-дың ішкі жалпы өнімі шамамен 16 триллион АҚШ дол­лары болды. Қытай автоматтандыру, робот шығару, цифрландыру, нанотех­нология, биотехнология, блокчейн сияқ­ты салаларға көңіл бөліп, қарқынды дамып келе жатқан экономикасымен ерек­шеленеді. Бірнеше жылдан соң, сарап­шылардың болжамы бойынша, Қытай экономикасы әлемде бірінші орынға шығады. Әрине, осындай алпауыт мемлекет көрші болғанда кейбір адам­дарда түрлі үрей мен қорқыныш туын­дауы таң­ға­лар­лық жағдай емес. Дей тұрған­мен, біз бұдан өз мемлекетіміздің дамуына мүм­кіншілік іздеп, пайда табуымыз керек", - деді вице-мнистр.

Қытайдың үлкен нарық екенін алға тартқан ол еліміздің ынтымақтастықтағы негізгі мақсаттарын атап өтті. 

"Қытайда азық-түлікке тұрақты сұра­ныс болатындықтан, біздің мақсат – Қытай нарығына шығу болуы тиіс. Тұ­рақ­ты сұраныс болса, өндіріс көлемі ұлғая­ды. Жаңа кәсіпорындардың пайда болуы – жаңа жұмыс орындарын ашуға және жұмыссыздық мәселесін шешуге мүм­кіншілік береді. Әрине, Қытай нары­ғына шығу үшін біршама тер төгіп, кәсіп­орын­ның және онда өндірілетін өнімнің сапасын куәландыру қажет. Бұл үшін соңғы жылдары еліміздің Ауыл шаруашылығы және Сыртқы істер ми­нистр­ліктері біздің кәсіпорындарға тиісті көмек көрсетіп, Қазақстан және Қытай үкіметтері арасында екіжақты 18 хаттамаға қол қоюға бастамашы болды.

Қазіргі таңда бидай, сиыр еті, шошқа еті, соя, бал, балық, рапс, жоңышқа, жүгері, ұн және ұн өнім­дерін шығаратын 600-ге жуық отандық кәсіпорынға Қытай нарығына өз өнімін шығаруға рұқсат алынған", - деді шенеунік.

Нұрышев тағы бір маңызды бағыт – көліктік-тран­зит­тік саладағы өзара тиімді ын­ты­мақ­тастық екенін айтады. 

"Кезінде "Нұрлы жол" жаңа экономи­ка­­лық саясаты аясында салынған және жаңартылған темір жол дәліздері арқылы өтетін транзит мемлекет бюджетіне қо­мақ­ты табыс табуға көмектесуде. Мы­сал­ы, 2020 жылдың қорытындысы бо­йын­ша Қазақстан – Қытай шекарасында ор­наласқан "Достық – Алашанкоу" және "Алтынкөл – Қорғас" темір жол бекеттері арқылы барлығы 20 миллион тоннадан астам жүк тасымалданды.

Біздің инфрақұрылымның тиімділігі мен ыңғайлылығы арқасында қазіргі таңдағы "Қытай – Еуропа – Қытай" бағыты бойынша темір жолмен тасымалданатын контейнерлердің 49%-ы  Қазақстан аумағы арқылы өтеді. Ал  транзитпен өткен әр пойыздан мемлекет бюджетіне салық түсіп отыратынын, ол салықтың кейін халықтың әлеуметтік қажеттіліктеріне бөлінетін төлемдерге пайдаланылатынына назар аудару қажет", - дейді министр орынбасары.

Ұлттық экономиканың өсуінде сыртқы инвестицияларды және озық технологияларды тарту маңызды рөл атқаратынын мойындау қажет, дейді ол.

"Бұл – нарықтық экономиканың заңы. Осы бағытта Қазақстан Үкіметі шетелдік мемлекеттерден, оның ішінде Қытайдан да инвестицияларды тарту бойынша дәйекті жұмыс жүргізуде.

Бүгінгі таңда Қытай Нидерланды, АҚШ және Ұлыбританиядан кейін Қазақстанға тартылған тікелей шетелдік инвестициялар бойынша төртінші орынды иемденеді.

Бүгінде Қытай инвестициялары Еуропа, Азия, Африка және Латын Америкасын қоса алғанда, әлем мемлекеттерінің саламатты экономикалық дамуын қамтамасыз етудің жалпыәлемдік үрдісі мен нышанына айналды. Көптеген мемлекеттің үкіметтері мен бизнес орталары Бейжіңмен қаржылық ынтымақтастықтың кеңеюін құптайды. Өз кезегінде, қытайлық компаниялар инвестициялардың сақталуы мен өзара тиімділігіне кепілдік беретін серіктестерді таңдауға мұқият және таңдаулы түрде қарайды. Қазақстан – осындай мемлекеттердің бірі", - деді вице-министр.

Мұнымен қатар, сыртқы істер министрінің бірінші орынбасары Қытаймен бірлесіп іске асырылған жобаларға нақты мысалдар келтірді. 

"Солтүстік Қазақстан облысында рапсты қайта өңдеу және рапс майын өндіру бойынша инновациялық кәсіпорын құрылды. Осылайша, өңірде қытайлық серіктестермен кооперация есебінен астықтан басқа тағы бір ауыл шаруашылығы дақылын өсіру басталды.

Түркістан облысында Қытаймен жоба есебінен бие және түйе сүтін өңдеу жүргізілуде. Тамақ өнеркәсібінің жаңа технологияларын қолдану арқасында, қазақстандықтар мақтан тұтатын сүт өнімдері шетелдік тұтынушыларға қолжетімді болды.

Қытайдан тартылған инвестициялар есебінен Шымкент мұнай өңдеу зауытын жаңғырту аяқталды. Бүгінде бұл – еліміздің нарығында және шетелде сұранысқа ие мұнай-газ химиясы өнімдерінің кең ауқымын өндіретін заманауи технологиялық кешенге айналды", - деді Шахрат Нұрышев.

Вице-министр екі ел арасындағы ынтымақтастықты сынайтындарға жауап берді. Айтуынша, "Бір белдеу, бір жол" жобасы тек Қазақстанда ғана емес, басқа мемлекеттерде сынға ұшыраған. 

"Соңғы кезде Қытайдың "Бір белдеу, бір жол" бастамасын түрлі сарапшылар сынап жүргенін көріп отырмыз. Біраз адамдар бұл бастаманың астарында Қытайдың Қазақстанға үстемдік көрсету, оны қарызға батыру мақсаты бар деген тұжырымдар айтып жүр. Қоғамымыздағы кейбір топтарда Қазақстанда бірлескен кәсіпорындарды құру арқылы "біздің жерді иемдену пиғылы бар", ал инвестиция құюдың басты мақсаты – "біздің пайдалы қазбалар кендерін өз меншігіне алу" деген пікір бар. Тіпті іске асырылуы жос­парланған бірлескен инвестициялық нысандарда ескі құрал-жабдықтар мен көне технологиялар пайдаланылады дейді.



Бұндай пікірлердегі топтар тек бізде ғана емес, шет мемлекеттерде де бар екені рас. Қарқынды дамып жатқан Қытайдың "Бір белдеу, бір жол" жобасы сыни көзбен қабылданатыны, оның көлемінің бір аймақ емес, түрлі құрлыққа тарағаны көптеген ірі мемлекетті алаңдататыны сөзсіз. Менің ойымша, коронавирус пандемиясына дейін Бейжіңде тұрақты түрде өткізілген "Бір белдеу, бір жол" форумына 100-ден аса мемлекеттің өкілдері қатысқаны – бұл бастаманың оларға пайдалы екенінің дәлелі", - деді ол.

Үкімет басшыларының тұрақты кездесулері, Қазақстан – Қытай ынтымақтастық жө­ніндегі комитеті мен Қазақстан – Қытай іскерлік кеңесі тетіктерінің шеңберінде талқыланып, қисынды шешімдерін тауып жүр, деп тобықтады сөзін Шахрат Нұрышев.

Еске салайық, бұған дейін Сыртқы істер министрлігі Қытайдағы қандастарға не үшін көмектесе алмайтындарын айтқан еді. 

Талқылау