Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Үш ер адам төбелесіп, біреуі оқ атты: Полиция Жаңаөзенде түсірілді деген видеоға түсініктеме берді

Әлеуметтік желіде төбелес пен атыстың видеосы тарап жатыр. Желідегілердің айтуынша, бейнежазба Маңғыстау өңірінде түсірілген, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі Lada.kz басылымына сілтеме жасап. 

Маңғыстау
Кадрлардан үш ер адамның төбелесіп, артынша олардың бірінің оқ атқанын көруге болады. Желідегілердің айтуынша, оқыс жағдай Жаңаөзенде болған. Алайда полиция қызметкерлері роликтің Маңғыстау жерінде түсірілмегенін алға тартты. 

«Біздің өңірде мұндай жағдай тіркелмеді. Облыс тұрғындарына мұндай видео таратқаны үшін жауапкершілікке тартылатынын ескертеміз», - деді ведомство баспасөз қызметіндегілер. 

STAN.KZ
Жексенбі, 12 Қаңтар, 2020 13:33
Талқылау