AAPL
137.59 $
0.17 %
TSLA
709.42 $
-0.05 %
NDAQ
143.08 $
0.7 %
GOOGL
2207.68 $
-1.35 %
FRHC
40.71 $
-0.97 %
AAPL
137.59 $
0.17 %
TSLA
709.42 $
-0.05 %
NDAQ
143.08 $
0.7 %
GOOGL
2207.68 $
-1.35 %
FRHC
40.71 $
-0.97 %
Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Одесса облысында қалып қойған қазақстандықтарға Молдова арқылы елден шығуға кеңес берілді

Қазақстанның Украинадағы елшілігі Одесса аумағында қалып қойған қазақстандықтарға Молдова арқылы елден шығуға кеңес берді, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

украина

Елшілік мәлімдемесінде Молдоваға баруға болатын шекаралық жолдардың тізімі көрсетілген, олардың арасында:

Старо-Казачья;

Паланка;

Тудора;

Серпневое-1 бағыттары бар.

"Украина мен Молдова шекарасына дейінгі арақашықтықта қауіпсіз бағытты таңдауға кеңес береміз", –  деді елшілік.

Қазақстанның Молдовадағы елшілігіне мына телефон арқылы хабарласуға болады:

+373 61-070-550;
+373 60-601-676;
+373 69-474-722.

Қазақстанның Молдовадағы құрметті елшісі - Роман Станков, оның телефон нөмірі +373 78-822-222.



Украинадағы жағдай

Еске салайық, Владимир Путин бұған дейін Донбасста арнайы операция өткізуге шешім қабылдағанын айтқан еді.

"Қалыптасқан жағдай бізден шұғыл әрі батыл шешім қабылдауды қажет етеді. Донбастағы халықтық республикалар Ресейден көмек сұрады. Осыған байланысты БҰҰ жарғысының 51-бабы 7-бөліміне сәйкес, Федерация кеңесі санкциясымен және Федералдық жиналыста ратификацияланған ДХР және ЛХР-мен жасалған достық пен өзара қолдау туралы келісімді орындау үшін мен арнайы әскери операция өткізу туралы шешім қабылдадым", – деген ол.

Сонымен қатар Ресей басшысы басты мақсат Украинаны оккупациялау емес екенін атап өткен.

Алайда 24 ақпан бейсенбінің таңертеңгі уақытынан бастап Укранинаның бірнеше қалаларында жарылыс болғаны хабарланған. Бұл қалалардың қатарында ел астанасы Киев те бар.

Талқылау
Пікір
Қазір оқып жатыр
Қазір оқып жатыр