Украина НАТО-ға қосылмау мәселесін Ресеймен талқылауға дайын
Украина НАТО-ға қосылмау жөніндегі мәселені талқылауға дайын. Бұл туралы Владимир Зеленский кеңсесі басшысының кеңесшісі мәлімдеген, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

Бұл үшін Киев Мәскеуден қауіпсіздік жөнінде кепілдік беруін сұрады.
Бұған дейін Владимир Зеленский өз Twіtter парақшасында Мәскеумен кез келген тақырыпты талқылаудан қорықпайтынын айтқан еді.
Украина НАТО-ға қосылу әрекетін 1990-жылдардың бірінші жартысында, КСРО құлаған соң бірден бастаған.
Ресейде НАТО-ның шығысқа қарай жылжуын өз қауіпсіздіктеріне төнген қауіп ретінде бағалаған.
Еске салайық, Зеленский Ресейдің өзін басты нысанаға алғанын айтқан. Оның сөзінше, Ресей президентті жою арқылы Украинаны саяси тұрғыдан құлатпақшы.
Қазақстанға 12 жылдық мектеп керек пе: Назарбаев зияткерлік мектептеріндегі оқу мерзімі қысқарса, не өзгереді
Мектептегі қосымша бір жылға қатысты қоғам пікірі екіге бөлінді
Елтаңба тауып алғаны, өз ақшасына алаң салғаны үшін: Қазақстанда талқыға түскен айыппұлдар
Қайсысы әділ, қайсысы шектен шыққан шешім болды