Киевте белгісіз нысанның құлауынан көпқабатты үй өртенді
Киевтің оңтүстігінде белгісіз нысанның құлауы салдарынан көпқабатты үй өртенді. Бұл туралы Украинаның төтенше жағдайлар бойынша мемлекеттік қызметі мәлімдеді, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

"Мәскеу уақытымен 05:20-да Кошиця, 7А мекенжайындағы көпқабатты үй белгісіз нысанның түсуінен өртенді. Қирау қауіпі бар. Өртті сөндіруге 12 арнайы техника жұмылдырыған", – делінген мемлекеттік қызметтің ресми мәлімдемесінде.
Өрт салдарынан 8 адам жарақат алған. 150 адам эвакуацияланып, 20 адам құтқарылды. Оқиға орнында 72 төтенше жағдай қызметкері жұмыс істеп жатыр.
Еске салайық, Путин 24 ақпанда Украинада арнайы операция жүретінін мәлімдеген. Бұдан кейін Ресейдің бірнеше қаласында операцияларға қарсы митингтер басталған.
Қазақстанға 12 жылдық мектеп керек пе: Назарбаев зияткерлік мектептеріндегі оқу мерзімі қысқарса, не өзгереді
Мектептегі қосымша бір жылға қатысты қоғам пікірі екіге бөлінді
Елтаңба тауып алғаны, өз ақшасына алаң салғаны үшін: Қазақстанда талқыға түскен айыппұлдар
Қайсысы әділ, қайсысы шектен шыққан шешім болды