Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Украина Ресеймен дипломатиялық қарым-қатынасын үзді - Зеленский

Украина президенті Владимир Зеленский Ресей Федерациясымен дипломатиялық қарым-қатынастың үзілгенін мәлімдеді. Бұл жайында ол 24 ақпанда бейсенбіде өткен брифингте айтты деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

Владимир Зеленский

"Біз Ресеймен дипломатиялық қатынасты үздік", - деді Зеленский.

Украинадағы жағдай

Еске салайық, Владимир Путин бұған дейін Донбасста арнайы операция өткізуге шешім қабылдағанын айтқан еді.

"Қалыптасқан жағдай бізден шұғыл әрі батыл шешім қабылдауды қажет етеді. Донбастағы халықтық республикалар Ресейден көмек сұрады. Осыған байланысты БҰҰ жарғысының 51-бабы 7-бөліміне сәйкес, Федерация кеңесі санкциясымен және Федералдық жиналыста ратификацияланған ДХР және ЛХР-мен жасалған достық пен өзара қолдау туралы келісімді орындау үшін мен арнайы әскери операция өткізу туралы шешім қабылдадым", – деген ол.



Сонымен қатар Ресей басшысы басты мақсат Украинаны оккупациялау емес екенін атап өткен.

Алайда 24 ақпан бейсенбінің таңертеңгі уақытынан бастап Укранинаның бірнеше қалаларында жарылыс болғаны хабарланған. Бұл қалалардың қатарында ел астанасы Киев те бар.

Украина президенті Владимир Зеленский елдің барлық аумағында соғыс жағдайы енгізілгенін мәлімдеді.

Ресей сыртқы істер министрлігі Украинаның әскери инфрақұрылымын, соның ішінде әскери аэродромдарын жарамсыз еткенін жариялады.

Ақберен Амангелді
Бейсенбі, 24 Ақпан, 2022 14:50
Талқылау