Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

"Үкіметке ауызыңды ашып отыруға болмайды": 71 жастағы волонтер әже жалғыз басты анаға үй алып бермек

Атырауда талайды ісімен сүйсінткен волонтер әже, ауыл жастарымен бірігіп жалғыз басты ананың үйлі болуына жәрдемдеспек. Қайырымды жанның аты-жөні Зиба Бақытова. Жасы 71-ге келсе де әлі тың. Темір тұлпардың құлағында ойнайды. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі "Қазақстан" ұлттық арнасына сілтеп хабарлайды. 

апа

Зиба әжейдің Темір тұлпарды тізгіндегеніне 40 жылдан асқан. Қимылы ширақ. Техниканың қыр-сырын жетік меңгерген. Тізгінде жаны кіріп, екінші тынысы ашылады. Бар шаруасын мәшінесімен реттейді. Бүгін де ауыл жастарын көлігіне отырғызып, жалғыз басты анаға көмекке асықты. 

"Құрбан айтта да көмектесіп жатыр. Былайғы күнде де көмектесіп жатыр ауылдың балалары. Мекен апам үйіне қондырып та көмектесіп жатыр. Қолындағысын беріп жатыр аямай", - дейді ауыл тұрғыны Айгүл Ташпанова. 


Зейнеткер үшін – адамның алғысынан артық бақыт жоқ. Жастар оның екінші тынысы. Ал ауылы- бірлік пен ынтымақтық  алтын бесігі.   

"Бір-біріне қамқорлық жасау керек. Үкіметке ауызыңды ашып отыруға болмайды. Ауыл деген бірлігімен қадірлі ғой. Осының бәрі көз алдымда. Солардың балалары аш болмаса екен, солардың балаларының төбесінен су ақпаса екен, соларға өзімнен артылғанды берсем екен деп тұрамын", - дейді зейнеткер Зиба Бақытова. 

Ауыл жастары Зиба әжені бағдарға балайды. Қай істе болсын ақылдасып, бірге қарекет етеді. 

"Бізге ақылымен бөлісіп, бізді дұрыс жолға итермелеп келе жатқан әжеміз. Осындай қарттарымыз әжелеріміз көп болсын", - дейді ауыл тұрғыны Әнуар Батаева. 

Талқылау