Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Уақытында қызмет көрсетілмеген: Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет елордалық әкімдіктен заң бұзушылықтарды анықтады

Елорда кәсіпкерлерінің шағымдарынан кейін сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет Астана әкімдігінің бизнес үшін әкімшілік кедергілер жасағанын анықтады деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

Елордалық сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметте түсіндірілгендей, Астана қаласының сәулет, қала құрылысы және жер қатынастары басқармасында және оның ведомстволық  ұйымдарында жер қатынастары саласында мемлекеттік қызметтер көрсету мерзімдері бойынша заң бұзылғаны анықталды.

"Іздестіру жұмыстары үшін жер учаскесін пайдалануға рұқсат беру" мемлекеттік қызмет көрсету рәсімі шеңберінде өтініштерді қарау мерзімдерінде заң бұзушылықтар белгіленді. Әкімдік келіп түскен өтініштерді 15 жұмыс күні ішінде қарады, ал бекітілген стандартқа сәйкес 10 жұмыс күнінде мемлекеттік қызмет көрсетілу қажет”, – деді Антикор.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметтің хабарлауынша, 200-ден астам кәсіпкерге жасанды түрде әкімшілік кедергі жасалды.

Ведомствоның баспасөз қызметі талдау нәтижелері бойынша елорда әкімдігіне анықталған бұзушылықтарды жою туралы тиісті ұсынымдар енгізілгенін айтты.

"Қазіргі уақытта жергілікті атқарушы орган жоғарыда аталған ұсыныстарды орындауға қабылдады, Мемлекеттік қызмет көрсету мерзімдері стандартқа сәйкес келтірілді", – деп қорытындылады арнайы орган.

Талқылау