AAPL
138.93 $
1.62 %
TSLA
681.79 $
1.24 %
NDAQ
155.59 $
2 %
GOOGL
2174.75 $
-0.21 %
FRHC
44.39 $
0.09 %
AAPL
138.93 $
1.62 %
TSLA
681.79 $
1.24 %
NDAQ
155.59 $
2 %
GOOGL
2174.75 $
-0.21 %
FRHC
44.39 $
0.09 %
Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

ТЖД балаларды құтқарған полицейге неліктен қолшам ғана берілгенін түсіндірді

Батыс Қазақстан облысында суға батып бара жатқан екі баланы құтқарған полицияның кіші сержанты Ержан Қуанышев алғыс хатпен марапатталып, сыйлыққа қолшам (фонарик) алған болатын, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі. 

30 мамыр күні полиция сержанты Ержан Қуанышев Погодаев ауылының маңындағы тоғаннан 7 және 8 жастағы ұл балаларды құтқарып қалған. Ең алдымен ол суға батып бара жатқан баланы, сәлден соң екіншісін жағаға шығарған. Қимылсыз жатқан баланың жүрегіне массаж жасап, алғашқы медициналық көмек көрсеткен.

Бүгін екі баланы өлім аузынан аман алып қалған Ержан Қуанышевке сыйлық ретінде x-balog жарықдиодты тактикалық шамы берілді. Мұндай сыйлық желі қолданушыларының наразылығын туғызды.



Ал облыстық төтенше жағдайлар департаментінің баспасөз қызметі жарық шамды қызметкерлер өз атынан бергенін айтты. Яғни, департаменттің ресми сыйлығы емес көрінеді.

"Департамент уәкілетті органға (ТЖМ) Ержан Қуанышевті ведомстволық наградамен марапаттау үшін материалдарды жіберді", – деп қорытындылады ТЖД баспасөз қызметі.

Талқылау
Пікір
Қазір оқып жатыр
Қазір оқып жатыр