AAPL
131.79 $
1.26 %
TSLA
616.6 $
1.94 %
NDAQ
179.79 $
1.38 %
GOOGL
2434.87 $
0.8 %
FB
336.51 $
1.64 %
FRHC
61.6 $
0.39 %
AAPL
131.79 $
1.26 %
TSLA
616.6 $
1.94 %
NDAQ
179.79 $
1.38 %
GOOGL
2434.87 $
0.8 %
FB
336.51 $
1.64 %
FRHC
61.6 $
0.39 %
Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Тұрғымбаев: Балалардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін мемлекеттік органдарды, құқық қорғаушылар мен қоғамды жұмылдыру қажет

Ішкі істер министрлігі М. Есболатов атындағы Алматы академиясында онлайн-режимде “Кәмелетке толмағандарға қатысты құқық бұзушылықтарға қарсы іс-қимыл: проблемалар мен шешу жолдары” тақырыбында халықаралық ғылыми-практикалық конференция өтуде, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі Polisia.kz порталына сілтеме жасап.

Ғылыми іс-шара Халықаралық балаларды қорғау күніне орай ұйымдастырылған және Мемлекет басшысының балалар мен әйелдерді отбасылық-тұрмыстық және сексуалдық зорлық-зомбылықтан қорғау, сондай-ақ суицидтік мінез-құлықтың алдын алу мәселелері бойынша тапсырмаларын іске асыруға бағытталған.

Конференция жұмысына президенттің көмекшісі  – ҚР қауіпсіздік кеңесінің хатшысы Әсет Исекешев, ҚР Парламенті сенатының депутаты Дана Нұржігіт, ҚР Парламенті мәжілісінің депутаты Динара Закиева, Ішкі істер министрі Ерлан Тұрғымбаев, ҚР Бас прокурорының орынбасары Әсет Чиндалиев, ҚР білім және ғылым вице-министрі Бибігүл Асылова, ҚР бала құқықтары жөніндегі уәкіл Аружан Саин, “Талап” қолданбалы зерттеулер орталығының директоры Рахым Ошақбаев, сондай-ақ Білім және ғылым министрлігінің, заң қоғамдастығының, үкіметтік емес ұйымдардың, жоғары оқу орындарының өкілдері, ҚР ІІМ полиция және қылмыстық-атқару жүйесі департаменттері қатысуда.

Соңғы жеті жылда қабылданған заңнамалық және ұйымдастырушылық шаралар кешені кәмелетке толмағандарға қатысты қылмыстық құқық бұзушылықтар деңгейін бес есеге төмендетуге мүмкіндік бергені атап өтілді. Кәмелетке толмағандардың жыныстық тиіспеушілігіне қол сұғатын қылмыстар саны 35%-ға азайды.

Конференцияға қатысушылар алдында сөз сөйлеген ІІМ басшысы балаларға қатысты қылмыс жасау себептеріне тоқталды. Көбінесе олар отбасындағы қолайсыз психологиялық жағдаймен, ата-аналардың өмір сүру салтымен, тұрмыстық тәртіпсіздіктермен, балалардың қараусыздығымен байланысты екенін атап өтті.

2020 жылы:
– Балалардың терезеден құлауының 108 фактісі (18 бала қаза тапты).

– Кәмелетке толмағандардың өз-өзіне қол жұмсауының 449 фактісі (әрбір екінші жағдайдың себебі анықталмады, өйткені жанжал отбасы ішінде орын алады).

– Жыныстық қолсұғылмаушылыққа қарсы 825 қылмыс (олардың 80% – ын жақын ортадағы адамдар – әкелер, өгей әкелер, туыстар, көршілер және таныстар жасаған).

– ЖКО-да балалардың қаза болуының 183 фактісі тіркелген.

іс шара

"Мұндай статистика қоғамда және жауапты мемлекеттік органдарда алаңдаушылық туғызбауы мүмкін емес. Баланың жасына байланысты оған қатысты жасалған әрекеттердің заңсыздығын түсіну қиын. Сондықтан мемлекет, уәкілетті құқық қорғаушылар және қоғам жұмылу керек. Себебі балалар – қоғамның ең қорғансыз бөлігі және олардың бақытты әрі қауіпсіз балалық шақтарын қамтамасыз ету үшін барлық шараларды қабылдау біздің міндетіміз", – деді Ерлан Тұрғымбаев.

Министр конференцияға қатысушыларды ағымдағы мәселелерді ашық талқылауға шақырды, бұл балаларға қатысты зорлық-зомбылыққа қарсы іс-қимылдың тиімді тетіктерін бірлесіп әзірлеуге мүмкіндік береді. Ол сондай-ақ Ішкі істер министрлігі жаңа идеялар мен сындарлы ұсыныстар үшін, ғылыми қоғамдастықпен, сондай-ақ азаматтардың, әсіресе кәмелетке толмағандардың құқықтарын қорғау саласындағы азаматтық қоғам институттарымен ынтымақтастық үшін әрдайым ашық екенін атап өтті.
 

Талқылау
Пікір
Қазір оқып жатыр
Çàãðóçêà...
Қазір оқып жатыр