Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

"Күрдтерді қорғап отыр": Түркия президенті Финляндия мен Швецияның НАТО-ға кіруіне тосқауыл қоятынын мәлімдеді

Дүйсенбі күні Түркия президенті Режеп Тайып Ердоған Финляндия мен Швецияның Солтүстік Атлантикалық альянсқа қосылуын қолдамайтынын тағы да айтты. Ердоған тіпті Стокгольм мен Хельсинки дипломаттарын Анкараға жіберіп, Түркияны келісімге келтіруге тырыспай-ақ қойсын деді. Бұл жөнінде Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

Эрдоғанның Макронға деген жауабы:

Түрік көшбасшысының қарсылығының басты себебі – екі ел күрд сепаратистеріне баспана беріп жатқанында. Дүйсенбі күнгі баспасөз мәслихатында Ердоған Швецияны террористік ұйымдардың ұясы деп атады.

"Бұл елдердің ешқайсысында лаңкестік ұйымдарға қатысты нақты және айқын көзқарас жоқ. Осыдан кейін оларға қалай сенуге болады?" – деді Түркия президенті.

Түркия Скандинавияның екі елін террорлық ұйым деп санайтын Күрдістан партиясының мүшелерін, сондай-ақ Анкара 2016 жылғы төңкеріс әрекетін ұйымдастырды деп айыптап отырған Фетхуллах Гүленнің жақтастарын паналатып отыр деп айыптайды.

Сондай-ақ Ердоған үкіметі Түркияға қарсы санкция салған елдердің НАТО-ға мүшелікке өтініштерін қабылдауға тосқауыл қоюға уәде берді.

2019 жылы Финляндия мен Швеция Түркия Сирияға басып кіргеннен кейін оған қару эмбаргосын енгізген еді.

BBC-дің дипломатиялық тілшісі Пол Адамстың мәліметінше, Ердоған алаңдаудың қажеті жоқ екенін айтқанымен, екі ел өз делегацияларын Анкараға жібереді. Екі елдің сыртқы істер министрлері Анн Линде мен Пекка Хаависто Түркияға аттанады.

Түркия президенті мұндай сөздері үшін белгілі бір бағаны келісуге бел байласа керек, деп жазады Адамс.



Жексенбі күні АҚШ мемлекеттік хатшысы Энтони Блинкен Түркияның қарсылығына қарамастан Финляндия мен Швецияның НАТО-ға кіретініне сенім білдірді.

Сәрсенбі күні бұл тақырып Вашингтондағы Блинкен мен оның түрік әріптесі арасындағы келіссөздердің басты тақырыбы болмақ. Финляндия мен Швецияны НАТО-ға қосылуға итермелеген АҚШ альянстың 30 мүшесінің бірінің ұстанымына байланысты соңғы минутта бұл шешімді өзгертуге жол бермейді.

Ұлыбритания сыртқы істер министрі Лиз Трасс дүйсенбі күні кешкісін Финляндия мен Швецияның НАТО-ға қосылуын қатты қолдайтынын айтып, Еуропаның ұжымдық қауіпсіздігін нығайту үшін бұл елдердің альянсқа тезірек қосылуы қажеттігін жеткізді.

НАТО-ның бас хатшысы Йенс Столтенберг екі солтүстік елдерді "ашық құшақпен қарсы алатынын" бірнеше рет айтқанымен, бұл процесс альянстың 30 мүшесінің бірауыздан келісілгенін талап етеді.

Түркияның қарсылығы, қандай да бір жеңілдік алу үшін бағытталса да, бұл процессті созып жіберуі мүмкін. Дегенмен, Столтенберг жексенбі күні мәселенің кешікпей шешілетініне сенім білдірді.

Швеция Финляндияның соңынан дүйсенбі күні НАТО-ға кіру туралы шешім қабылдағанын ресми түрде жариялады, осылайша 200 жылдық бейтараптық дәстүрін тоқтатты.

"Швеция НАТО-ны нығайтқанындай, НАТО Швецияны нығайтады. Біз бір дәуірді аяқтап, екінші дәуірге аяқ басып жатырмыз", –  деді дүйсенбіде Стокгольмде өткен брифингте премьер-министр Ева Магдалена Андерссон.

Оның айтуынша, Еуропа Ресейдің Украинаға басып кіруінен кейін қауіпті аймаққа айналды. Сонымен қоса Андерссон Швецияның өз аумағында НАТО-ның тұрақты әскери базалары мен ядролық қаруын көргісі келмейтінін баса айтты.

Өткен аптада Финляндия Солтүстік Атлантикалық альянсқа қосылу туралы шешімін жариялаған еді.

Талқылау