Түркия президенті Украина қауіпсіздігінің кепілі болуға дайын екенін айтты
Украина мен Түркия президенттері Владимир Зеленский мен Режеп Тайып Ердоған жексенбі, 24 сәуірде телефон арқылы сөйлесіп, ресей-украин келіссөздері мен қауіпсіздік кепілдіктерін талқылады. Бұл жөнінде Түркия басшысының кеңсесі Twitter-де жазды, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

Ердоғанның тараптардың келіссөздері барысында барлық көмекті көрсетуге дайын екенін білдіргені атап өтілді. Бұған қоса, ол Түркияның Украинаның қауіпсіздік кепілі болуға дайындығы мәселесіне "оң көзқараспен қарайтынын" айтқан.
Сондай-ақ Ердоған Мариупольдегі жаралылар мен бейбіт тұрғындарды эвакуациялауды қамтамасыз ету қажеттігін айтып, қаладағы жағдайды "өте қайғылы" деп атаған.
- "Қару-жарағымыз көбейсе, жерімізді қайтарамыз" - Зеленский
- Украинадағы соғыстың кішкентай құрбандары: Қаза болған, жараланған балалардың хикаясы
- Трамп қазіргі уақыт әлем үшін тарихтағы ең қауіпті кезең екенін айтты
Зеленский өз кезегінде Ердоғанға "Азовсталь" зауытында қоршауда қалған әскерилермен тез арада алмасу қажеттігін атап көрсеткен. Сонымен қатар, екі ел президенттері Украинаның қорғаныс қабілеті мен Қара теңіздегі кеме қатынасын бұғаттаудан қауіп төніп тұрған жаһандық азық-түлік қауіпсіздігі туралы айтты.
"Өзімізді дәлелдедік": Олимпиадада жүлделі орын алған таэквондошылар Қазақстанға оралды
Спортшыларымыз жай келмей, жүлделі орындармен оралды
Қазақстандық әйел жалға алушыны пәтерінен шығара алмай, сотқа берген: Алайда сот қараудан бас тартты
Пәтер иесі: "Жалдау шартын бұзылған деп тану және жалға алушыны пәтерден шығаруды міндеттеу талабым "кәмелетке толмағандардың істері жөніндегі сотқа жүгіну керек" деген негізбен бас тартылды"