Трамп қазіргі уақыт әлем үшін тарихтағы ең қауіпті кезең екенін айтты
АҚШ-тың бұрынғы президенті Дональд Трамп әлем үшін қазіргі болып жатқан оқиғалар тарихтағы ең қауіпті кезең болатынын айтты, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

Трамп бұл жағдайға көптеген елде орасан зор күші бар қарулардың болуын кіналап отыр. Ол әлемдік көшбасшылар мен саясаткерлердің ядролық қару туралы айтқысы келмейтінін жеткізді. Оның пікірінше, ядролық қаруды қолдану туралы ойланбастан сөз қозғауға болмайды.
“Бұл туралы ешкім, ешқашан талқылаған емес. Ешкімнің айтқысы да келмейді. Бұл – тым үлкен апаттық мәселе”,- деді Трамп.
Ол, сонымен қатар Украина мен Ресей арасындағы жанжалға байланысты бір мәмілеге келуді қолдаған.
“Бұл соғыс ешқашан болмауы керек еді, бірақ болды. Ендігі шешім барлығын бәрібір бастапқыдағыдай қалыпқа келтіре алмайды. Дегенмен шешім жоқ емес”,- деп түсіндірді ол.
20 жастағы қазақстандық қызды бұрынғы жігіті қатыгездікпен өлтірді деп айыпталды: Оқиғаның мән-жайы айтылды
Абай облысында жігіт қызға 12 рет пышақ сұғып, бірнеше рет басынан соққы жасаған
Бір оқушыға 150 мың теңге: 2026 жылы Қазақстанда баланы мектепке дайындау қанша болады
Мектепке дайындық: балаларға арналған киім кешектер мен жарақтардың бағасы қанша?