Түркістан облысындағы таулы аймақта әйел аттан құлап кеткен
Түркістан облысындағы таулы аймақта әйел аттан құлап кеткен. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

Видеодан скрин
ТЖМ құтқарушылары таулы аймақта әйелді эвакуациялады.
"Бүгін Түркістан облысы Төле би ауданы Мадени ауылынан 5 шақырым жерде 1993 жылы туған әйел атты серуен кезінде тау жиегіне құлап, түрлі жарақат алды”, – делінген хабарламада.
ТЖМ құтқарушылары зардап шеккенді зембілмен жоғары көтеріп, жедел медициналық жәрдем қызметкерлеріне табыстады.
Еске салсақ, бұған дейін Алматыда тауға шыққан жасөспірім биіктен құлап кеткені туралы жазған едік.
"Бізден 100 есе жоғары алады": Қазақстан мен шетелдік дәрігерлердің жалақысын салыстырып көрдік
Алматының ауруханасында жұмыс істейтін дәрігерлер 160-250 мың теңге алады
Қазақстанда биыл БАҚ өкілдерін марапаттауға 35,2 миллион теңге бөлінген
Ал 2021 жылы журналистерді ынталандыруға тек 14,5 миллион теңге бөлінген