Ақмола облысындағы тасжолда полицейді көлік қағып өлтірді

Ақмола облысының полиция департаменті жеке құрам инспекторын көлік қағып өлтіргенін мәлімдеді. Бұл туралы Stan.kz ақпарарт агенттігі хабарлайды.
Полиция департаментінің басшылығы мен жеке құрам қаза тапқан әріптесінің туыстары мен жақындарына қайғырып көңіл айтады. Ақмола облысының Полиция департаменті қызметтік міндеттерін атқару кезінде патрульдік полиция инспекторының қаза болу фактісі бойынша тергеу жүргізуде.
“Қайғылы оқиға ағымдағы жылғы 7 желтоқсанда Астана–Ерейментау-Шідерті автожолында орын алды. Toyota Camry автокөлігінің жүргізушісі рульді басқара алмағаны және жүргізушілерге қауіп туралы, жылдамдықты төмендету және жолдың тарылуы туралы ескертіп, жол қауіпсіздігін қамтамасыз еткен патрульдік полиция инспекторына соқтығысуға жол бергені алдын ала анықталды. Осы факт бойынша мұқият және объективті тергеу жүргізілетініне сендіреміз”, – делінген хабарламада.
"Екеуі екі-үш күн қатарынан жанжалдасып, соңы осындай болды": Шымкентте 21 жастағы қыздың өліміне қатысты көршілері көргендерін айтты
Динара Тілеубердиева: "Беті, қолы, арқасы, ішінің бәрі қатты жарақат алған"
"6 миллион теңгеге дейін табыс табуға болады": Ауылда мал бағып жүріп, ағылшын үйренген 16 жастағы қазақстандық жұртты тәнті етті
Исмаиль: “Бір бұқаның құны 900 мың теңге"