Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Түркістан облысында оқушының үстіне қақпа құлап көз жұмды: Мектеп қызметкерлері мен шенеуніктер жазаланды

Түркістан облысының Қазығұрт ауданында дене шынықтыру сабағы кезінде үстіне футбол қақпасы құлап, көз жұмған жасөспірімнің өлімінен кейін дене шынықтыру пәнінің мұғалімі, мектеп басшылығы мен шенеуніктер жазаланды.

Түркістан облысында оқушының үстіне қақпа құлап көз жұмды: Мектеп қызметкерлері мен шенеуніктер жазаланды

Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі «Отырар» порталына сілтеме жасап хабарлайды. 

Хабаралғандай, өңірде аталған оқиға бойынша кәмелет жасқа толмағандардың істері жөніндегі комиссияның шұғыл отырысы өткен. Білім және ғылым министрінің бұйрығы бойынша, алгоритм негізінде болған жайт туралы 3 сағат көлемінде хабарлануы тиіс.Ақпаратты білім саласындағы тиісті органдарға жеткізу керек болған. Алайда аталған бұйрықтың орындалмағаны белгілі болды. 

Комиссия жұмысы мен тергеу амалдарының нәтижесінде кінәлі тұлғалардың, соның ішінде Әуезов атындағы мектептің дене шынықтыру пәнінің мұғалімі Әбдіғаппар Есенбеков, жауапкершілігі қаралды. Мұғалім жұмысынан уақытша шеттетілген. Облыстық полиция департаментінің тергеу бөлімінің басшысы Қайбар Мәліктің мәлімдеуінше, сотқа дейінгі тергеу жүргізілуде. 

Сонымен қатар мектеп директоры Ескендір Мұсақұлов пен оқу ісі жөніндегі меңгерушісі Қанат Исабаевқа «атқарып отырған қызметіне лайық емес» деп жарияланды. Ал білім бөлімі басшысының орынбасары Әлия Егізек қатаң сөгіс, аудан әкімінің орынбасары Серік Тұрсынқұлов сөгіс алды. 

Сондай-ақ, брифингте спорт залдарында спорттық заттарды пайдалану қауіпсіздігін қамтамасыз етуге бағытталған шара жүргізілетіні мәлімденді. Бұл ретте мини-футбол немесе гандбол ойнаған кезде қақпаның бекітілетіні туралы сөз болған. 

Оқушылармен және мұғалімдермен түсіндіру жұмыстары жүргізіледі.

Еске сала кетсек, бұған дейін 8-сынып оқушысының дене шынықтыру сабағынан кейін көз жұмғанын хабарлаған едік. Артынша оқиғаның мән-жайы белгілі болды.

Талқылау