AAPL
141.56 $
1.89 %
TSLA
699.2 $
2.55 %
NDAQ
157.49 $
1.22 %
GOOGL
2265.26 $
4.16 %
FRHC
44.98 $
1.33 %
AAPL
141.56 $
1.89 %
TSLA
699.2 $
2.55 %
NDAQ
157.49 $
1.22 %
GOOGL
2265.26 $
4.16 %
FRHC
44.98 $
1.33 %
Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Түркістан: ҚР рәміздерінің 30 жылдығы таңбалы тас маңында ерекше аталып өтті

Арпаөзен бойындағы таңбалы тастар тарихымен танысуға сапарға шықты. Экспедиция құрамында облыс әкімінің орынбасары Сәкен Қалқаманов, тарих ғылымдарының докторы,  РК ҰҒА академигі Бауыржан Байтанаев, қазақстандық суретші-реставратор, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері, ҚР Суретшілер одағының мүшесі Қырым Алтынбеков, қазақстандық кинорежиссер, Канн фестивалінің лауреаты Сергей Дворцевой, жергілікті археологтар мен тарихшылар, журналистер бар. 

Таңбалы тастардың шығу тарихы мен оның тәуелсіз Қазақстан рәміздерімен байланысын атап өткен Сәкен Қалқаманов шараның ашылуында сөз сөйледі

"Рәміздер тарихы ежелден басталады. Ол көне заман, түркілер дәуірі, хандықтар мен патшалықтардың елтаңбалары мен жалаулары және теңгелеріндегі айшықты белгілерімен тығыз байланысты. Мемлекеттік рәміздер – мәдениетіміз, тарихымыз бен менталитетіміздің көркем туындысы. Бүгінгі Арпаөзен таңбалы тастарына жасаған экспедиция мақсаты – осы ежелгі заманнан келе жатқан символиканың XXI ғасырдағы тәуелсіз Қазақстанның рәміздерімен тығыз байланысын насихаттау", – деп атап өтті әкім орынбасары.

Петроглифтерді зерттеп жүрген ғалым Бауыржан Байтанаев Арпаөзендегі таңбалы тастарды кеңінен насихаттау үшін туризм кластерін дамыту керектігін айтты. 

“Киелі Созақ жерінде орналасқан Арпаөзен таңбалы тастары немесе Арпаөзен петроглифтері – қола дәуірінен сақталған құнды ескерткіштер, жартасқа таңбаланған суреттер. Біз осы тарихи жәдігерді кейінгі ұрпаққа жеткізуде вандалдардан қорғауымыз керек. Ол үшін бұл жерде туризмді дамытып, петроглифтерді ЮНЕСКО тізіміне енгізу керек”, – деді ол.

Қола дәуірінен бері сақталған құнды ескерткіш – "Арпаөзен таңбалы тастары" Созақ ауданы Абай қыстағының оңтүстік-батысында, Қаратаудың Келіншектау деген жотасынан бастау алатын кішірек Арпаөзен бойында орналасқан. Оны Қазақстан ғылым академиясының археологогия экспедициясы зерттеген. Суреттердің жалпы саны –  3,5 мың. Негізгі сюжеттері аңшылыққа, жаугершілік тақырыпқа және жан-жануарлар тіршілігіне арналған. Қос аяқты ат, өгіз және түйе жеккен соғыс және шаруашылық арбалары кездеседі.  Ескерткіш біздің заманымыздан бұрынғы 1 және 2-мыңжылдыққа жатады.

Созақ жеріне алғаш келген Қырым Алтынбеков облыс әкімінің орынбасарына Арпаөзен петроглифтерінен ашық аспан астындағы музей жасау арқылы құнды жәдігерлерді қорғауға алуды ұсынды.

Экспедиция сапарының қорытындысымен Созақ ауданындағы тарихи нысандарды туристерге насихаттау мақсатында "Шығыс сақинасы" тұжырымдамасы жасалады.

 Сондай-ақ Түркістанда маусым айының басында ҚР Рәміздерінің 30 жылдығына орай Арпаөзен петроглифтерінің суреттерінен фотокөрме өтеді.

Талқылау
Пікір
Қазір оқып жатыр
Қазір оқып жатыр