Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Түні бойы cалбырап тұрған: Әйел қақпадан секіріп өтем деп үсіп өлді

Башқұртстандағы Дема Чишмин ауылының тұрғыны қақпадан секіріп түсемін деп қайтыс болған, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі Ufa1.ru-ға сілтеме беріп. 

Қайғылы жағдай осы жексенбіде, 13 желтоқсанда болды. 

Жеңіл киінген әйелдің аяғы қақпаның метал шыбықтарына қысылып қалған. Марқұмның денесін таңертең ғана көрген. Ол уақытта әйел көз жұмған еді. Ол қақпаның үстінде түні бойы басы салбырап тұрған.



Полиция мәселенің мән-жағдайын анықтап жатыр. Алдын ала мәліметтерге сәйкес, әйелді қасақана өлтіру іздері жоқ. 

STAN.KZ
Дүйсенбі, 14 Желтоқсан, 2020 14:14
Талқылау