"Анасы аязда тастап кеткен": Павлодарда автобекеттен табылған баланы әжесі алып кетті
Павлодар облысында аязды күні анасы тастап кеткен бір жасар баланы әжесі алып кетті, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

"Бала Павлодардағы облыстық балалар ауруханасында емделді. 28 қарашада ол қанағаттанарлық жағдайда шығарылды. Баланы әжесі алып кетті", - деді денсаулық сақтау басқармасының баспасөз қызметінде.
Дәрігерлердің сөзіне қарағанда, бала Павлодар қаласы ПБ Солтүстік полиция бөлімінің құжаты негізінде туған-туыстарына берілді.
Еске салайық, Павлодардағы автобекетте 26 қараша күні кешкісін кішкентай бала табылды. Еріктілердің айтуынша, видеокамералардағы жазбада баланы бір әйел тастап кеткенін көруге болады.
Полиция баланың анасын тапты. Әйелді іздеуге 3 сағатқа жуық уақыт кеткен. Қазір полиция әйелдің кішкентай ұлын көшеде қалдыруына не түрткі болғанын анықтап жатыр.
Моңғолиядағы қазақ-моңғол дауы неден шықты: Баян-Өлгей аймағында не болып жатыр
"Қазақтар болашақта Баян-Өлгейді Қазақстанға қосып жібермек" деген сияқты негізсіз қауесетке ұласып кетті
Қазақстанда клининг мамандығы колледждерде ашылмақ: Болашақ мамандар қайда оқиды
Оқу ағарту министрлігі клининг мамандықтарын оқыту жоспарда бар екенін хабарлады