Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Телефоны ваннаға құлап кетті: 24 жастағы модель тоқ соғып қаза болды

Қайғылы оқиға Ресей Федерациясының Архангельск қаласында болды. 24 жасар қыз Олеся ваннаға түсіп құлап кеткен телефонның кесірінен қайтыс болды.

Бойжеткен қаладағы салондардың бірінде сату бөлімінде көмекші болып жұмыс істеді. Киімдерге жарнама жасағандықтан қолынан телефоны түспеген екен. Әлеуметтік желіде күніне бірнеше фотосурет жариялаған.

Олесяны өлі күйінде құрбысы тауып алды. Ол марқұмға қол тигізгенде өзін де аздап тоқ соққанын айтады.

Суға түскен телефон тоққа тығылып тұрған. Бұл жағдай Олесяның отбасы үшін қатты соққы болды. Анасы мүшкіл жағдайда.

Тергеушілер қыздың өлімін тексеріп жатыр. 

Талқылау