Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Трамп Ресей мен Украинадағы соғысты тоқтата алатынына сенімді емес

трамп

Фото: Alex Brandon/AP

АҚШ президенті Дональд Трамп Ресейдің Украинадағы соғысын тоқтата алатынына сенімді емес екенін айтты. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі Politico басылымына сілтеме жасап хабарлайды. 

Air Force One бортында журналистер Трамптан Ресей мен Украина арасындағы соғысты тоқтата ала ма деп сұрады.

"Мен білмеймін. Иә ма, жоқ па, мен сізге айта алмаймын", – деді Трамп.

Алайда ол соғыстың тоқтатағанын қалайды.

 "Иә. Мен соғыс тоқтағанын көргім келеді", – деді АҚШ президенті.

Сайлау науқаны барысында Трамп билікке келген бірінші күні-ақ Украинадағы соғысты тоқтатуға бірнеше рет уәде берді. Кейін бұл уәдеден бас тартып, оны "асыра сілтеу" деп атады.

Трамп Ресей мен Украина арасында делдал болуға тырысты, бірақ Мәскеудің жеңілдік жасағысы келмейтініне наразылығы артып келе жатқан кезде оның күш-жігерін тоқтатамын деп қорқытты. Осы аптада Трамп Ресей президенті Владимир Путинмен және Украина президенті Владимир Зеленскиймен телефон арқылы сөйлесті.

Қырмызы Скендирова
Жексенбі, 06 Шілде, 2025 18:20
Талқылау