Трамп Обаманы сатқындық жасады деп айыптады
АҚШ президенті Дональд Трамп CBN News телеарнасына берген сұхбатында АҚШ-тың бұрынғы басшысы Барак Обаманы мемлекеттік сатқындық жасады деп айыптады, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.
Ақ үй басшысының айтуынша, оның науқаны 2016 жылы басталғаннан бақылауға алынған. "Олар менің науқаныма тыңшылық жасады, мен бұны әлдеқашан айтқанмын. Айтқанымның бәрі шындық болып шықты", - деді Трамп.
Мамыр айында Обама АҚШ басшылығын ессіздік жасады деп айыптады. Оның айтуынша, коронавирус пандемиясы көптеген басшылардың не істеп жатқандарын біледі деген тұжырымды жоққа шығарды. Атап айтқанда, бұрынғы президент америкалық саясаткерлердің қысқа уақытта пайда көруді көздейтіндері үшін айыптады. Бұл сынға Трамп Обаманың "қабілетсіз президент" болғанын алға тартты.
Сәуірде Обама өзінің бұрынғы вице-президенті Джо Байденнің сайлау науқанын көпшілік алдында қолдайтыны туралы хабарлады, ол алдағы президенттік сайлауда Трамптың басты қарсыласы болып саналады.

"Ізімнен қалмай, бөксемді ұстады": Елордалық қыз сауда орталығында келеңсіз жайтқа тап болғанын айтты
