Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

"Трагедия жасаудың қажеті жоқ": Академик Асқар Жұмаділдаев жастардың шетелге ағылуы жайлы пікір білдірді

Қазақстандық ғалым, академик, профессор Асқар Жұмаділдаев білімді жастарды шетелге жаппай көшуіне байланысты пікірін айтты, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі. 

шетел

Бұл туралы ол журналист Нартай Аралбайұлына берген сұхбатында айтып берді. 

"Білімді жастардың шетелге кетуінен трагедия жасаудың қажеті жоқ. Данышпан ғалым әл-Фараби ғылымды қайда жасаған? Мысырда жасаған. Әл-Фараби Отырарда дүниеге келгенімен, Мысырда ғылыммен айналысқан. Бұл нені білдіреді? Жас ғалымдардың шетелге баруы, ғылымның тереңдік іздеуі - жақсы дүние. Ғылымға ғылыми орта керек. Ғылымның сөзін түсінетін адам керек. Сондықтан білім қуып, шетелге кетіп қалса, басқа елден жаңашылдық ізденіп жатса, егер жақсы орта болса, одан жаманшылық көрмеймін. Бірақ олардың шетелдерде қалып қойғаны рас", - деді Асқар Жұмаділдаев. 



Еске салайық, бұған дейін Қазақстандық жастардың білім қуалап, шетелге ағылуының себебі айтылған еді. 

Талқылау