Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Toyota өз тұтынушыларына 50 мың көліктің қауіпті екенін айтып ескерту жасады

Toyota компаниясы көлік иелерін дереу 50 мың көлікті айдаудан бас тартуды сұрады. Әңгіме ескі Toyota Corolla және RAV4 машиналары туралы болып отыр. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды. 

тойота

Фото: turbologo сайтынан

CBS News хабарлауынша, жапониялық Toyota концерні 50 мың автокөлік иесіне ресми ескерту жасады. Көлік жүргізушілерге көлік айдауды дереу тоқтатып, қауіпсіздік жастығы мәселесін шешу керек екенін айтты. Компания техникалық ақауды жөндеу үшін көліктерді қайтаратынын мәлімдеді. 

2003-2004 жылдардағы Toyota Corolla, 2003-2004 жылдардағы Corolla Matrix және 2004-2005 жылдардағы RAV4 көліктерінің қауіпсіздік жастықтығында үлкен мәселе бар екені анықталды. Компанияның бағалауы бойынша, әлемде 20 жыл бұрын шыққан көлікті он мыңдаған жүргізуші айдап жүр. Бұл көліктерде қауіпсіздік жастығының жұмыс істеу мерзімі аяқталды. Жастықтар кез келген уақытта жарылып, жүргізуші мен жолаушыға үлкен зиян келтіруі мүмкін екен. 



"Біз мерзімі өткен бөліктерін тегін ауыстырып бермейінше, жүргізушілер бұл көліктерді айдамағаны абзал", – делінген компания мәлімдемесінде. 

Осы үлгідегі көлігі бар жүргізушілерге ескірген қауіпсіздік жастығын жедел ауыстыру үшін жергілікті Toyota дилерімен байланысу ұсынылды. Бір ай бұрын Toyota қауіпсіздік жастығы проблемасына байланысты Америка құрама штаттарының өзінде миллионға жуық автокөлікті қайтарған еді.

2009 жылдан бері Toyota көліктеріндегі қауіпсіздік жастығындағы ақауға байланысты АҚШ-та 26 адам және басқа елдерде 30 адам қаза тапты. 400-ге жуық тұрғын жарақат алды. 

Айта кетейік, бұған дейін Қазақстанда көлік прокурорлары елге көлік әкелудің заңсыз жолдарын анықтағаны туралы жазған едік. 

Талқылау