Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

"Мемлекетке 400 млн теңге шығын келтірген": Қазақстанға шетелден көлік әкелудің заңсыз жолдары анықталды

Қазақстанда көлік прокурорлары елге көлік әкелудің заңсыз жолдарын анықтады. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды. 

Фото: gov.kz

Бас көлік прокуратурасының мәліметінше, Қазақстанға 2022 жылдың 1 қыркүйегіне дейін әкелінген шетелдік автомобильдерді заңдастыруға байланысты Алматы қаласында, БҚО және ШҚО-да азаматтардың заңсыз әрекеттері анықталған. 

Мемлекетке келтірілген алдын ала залал 400 млн теңгеден астам. Басқа аймақтарда тексеру жалғасуда.  

“Мәселен, а.ж. 13 сәуірде азаматтардың бірі жалған құжаттарды, оның ішінде Қырғыз Республикасында көлік құралын тіркеу туралы 2021 жылғы куәлікті және сатып алу-сату шартын ұсына отырып, "Toyota Highlander" маркалы шетелден әкелінген машинаны қазақстандық есепке тіркеген.

Прокурорлар құжаттардың нақтылығына американдық сайттардарға мәліметтермен салыстыру арқылы көз жеткізбек болған, нәтижесінде аталған көліктің 2022 жылдың 12 қазанында "Copart" аукционында сатылғаны және 2023 жылдың сәуірінде елге әкелінгені болды”, – делінген хабарламада.

Тек Алматы қаласы бойынша осыған ұқсас 160 факт анықталған.

Көлік прокурорлары мемлекетке келтірілген залалды өтеу және кінәлі адамдарды заңда белгіленген жауапкершілікке тарту жөнінде шаралар қабылдау туралы мәселе қойылып қадағалау актісі енгізілді.

Талқылау