Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Қазақстанда әуежайға жақын салынған ғимараттар сүріледі

Көлік министрлігінде әуежай маңына таяу салынған ғимараттар мәселесі талқыланды. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды. 

аэропорт

Көлік министрлігінде өткен жиынға Бас көлік прокуратурасы, орталық мемлекеттік және жергілікті атқарушы орган, әуежай мен мүдделі ұйым мүшелері қатысты. Олар еліміздегі әуежай маңына таяу салынған ғимараттар қауіпсіздік талаптарына қаншалықты сай екенін талқылады. 

"Жергілікті атқарушы органдарға әуежайға жақын аумақта салынған құрылыс нысандарын жою бойынша шаралар қабылдау және ерекше бақылауға алу тапсырмасы берілді", – делінген хабарламада. 

Сондай-ақ Қазақстанның авиациялық әкімшілігі өкілдері бүгінгі таңда осындай ғимараттардың нақты санын анықтау үшін әуеайлақ маңындағы аумақты аймақтарға бөлу мәселесіне бастамашылық жасады.

Көлік министрі Марат Қарабаев ұшу қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін барлық мүдделі мемлекеттік орган мен ұйымдардың күш-жігерін үйлестіру мен жүйелі жұмыс істеу маңызды екенін атап өтті. Сондай-ақ ұшу қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін әуежайларға таяу құрылыс процестерінің барысын қатаң бақылауды және ашықтықты қамтамасыз ететін тетіктерді әзірлеуді тапсырды.

Бұған дейін көлік министрлігі төрт жаңа әуежай салу мен үш әуежайды жөндеу мәселесін талқылап жатқанын жазған едік. 

Талқылау