“Тойда тегін ән саламын”: Әнші Кенталдың қулығы әшкереленді (фото, видео)
Әдетте, Талғат Кенжеболатовтың аты аталса “Super Star Kz”, “Х-factor” сынды ән жобалары ойға оралатын еді. Бұл жолы Кентал қалыптасқан қағиданы бұзды. Ашығын айтайық, ол “той әншілерінің” тізімін толықтырғанын жеткізді. Естеріңізге сала кетсек, осыдан бірнеше күн бұрын Кентал инстаграм парақшасы арқылы видео-жазба жолдап, екі күн бойы тойларда тегін ән салатынын xабарлаған еді, деп жазады Stan.kz.
Басында бөрік, кигені шапан! Талғаттың мұндай қадамға баруы да тегін емес болып шықты. Әнші жас жұбайлардың тойында кезекті клипін таспалауды көздеген.
“Клиптің түсірілімі бойынша тойдың локациясы керек еді. “Құдағи” деген жаңа ән. Сондықтан, локация іздеп тегін деп жарияладық. Уақыттың тығыздығынан тегін тойға шығуға тура келді…”- дейді Кентал.
Тегін әртісті өз қуанышында көргісі келген той иелерінің санында шек жоқ көрінеді. Тіпті Астана, Ақтау, Ақтөбе, Шымкент шаhарларынан да хабарласқан. Алайда, түсірілім жұмыстары тек Алматыда жоспарланғанын айтады. Stan.kz тілшісі түсірілім алаңына барып, сол күні шаңырақ көтерген жас жұбайлардың көңіл-күйін біліп қайтқан болатын.
“Көңіл-күй керемет! Өзіміз күткен жоқпыз. Бізге де, той қонақтарына да ерекше әсер сыйлады. Кенталға көп раxмет” – деп Тоқтар мен Айжан есімді жас жұбайлар әншіге деген алғысын жеткізді.
Кенталдың жаңа әні “Құдағи” деп аталады екен. Репертуарын позитивке толы трекпен толықтырған Талғат табыстың көзін тапқан сынды…
“Енді Құдай қаласа, осы әнді xалық жылы қабыл алса сол кезде тойлардан жиі көресіздер” – деп түйіндеді сөзін Кентал.
Ескерту! Материалды көшіріп басу үшін, редакцияның хат түріндегі рұқсатын алу керек.
Жіберіп алмаңыз:
Ернар Айдар елден жасырын түрде үйленіп алды
Үшінші рет тұрмысқа шыққан Ақбота Керімбекованың тойы дүркіреп өтті (фото)
Қайрат пен Димаш бірдей музыкалық жүлдеге ие болды (видео)
Димаш Қытайда “Ең үздік шетелдік өнер адамы” атағын иеленді (видео)